Иғтикаф қандай құлшылық?
Араб тілінде иғтикаф – бір жерде тұру, күту, өзін бір жерге қамау деген мағынаны білдіреді. Фиқһ терминінде азан шақырылып, қамат түсірілетін мешітте иғтиқафқа ниет етіп, белгілі бір мезгіл сол жерде қалуды білдіреді. Рамазан айының соңғы он күніндегі иғтиқаф – кифая жолымен мүәккад сүннет[1]. Айша, ибн Омар, Әнестің (رضي الله عنهم) риуаяттарында: «Алла Елшісі (ﷺ) Мәдинаға келгеннен кейін көз жұмғанға дейін Рамазанның соңғы он күнін иғтиқафпен өткізетін»[2],-деп келген.