31
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Неше дене мүшесімен сәжде жасалады?

Ибн Аббастан (Алла әкесі екеуіне разы болсын). Алла елшісі (с.а.с.): «Мен жеті сүйекті: маңдайды (ол қолымен мұрнын көрсетті), екі қолды, екі аяқты5 және екі аяқтың саусақ ұштарын (жерге тигізіп), киім мен шашты артқа қайырмай сәжде жасауға бұйырылдым», – деген (490/230).

Пәтерде азан айтқанда қатты дауыс шығарып айту керек пе?

Азан шақырғанда мешітте немесе далалы жерде (мысалы қырда қой бағып жүріп) азан айтқанда, жоғары дауыс шығарып айтқан жөн. Өйткені, мешітте азан шақырудағы мақсат – мешіт айналасындағы халықты намазға шақыру.

Намазға бірінші орынды берсең, қалған ісіңнің бәрі өз орнын тауып кетеді

Намаз – ақырет жолындағы адамның ең үлкен азығы. Ол адамның адамдық қалпын сақтап, қателіктерден сақтайды. Алла намаз арқылы пенденің күнә-қателігін кешіреді. Намаз адамда шәһуәт пен шүбәларға қарсы иммунитет қалыптастырады. «Өйткені намаз адам баласын арсыздықтан һәм жамандық атаулыдан (теріс қылықтардан) тыяды» ("Анкабут", 45).