30
Сенбі,
Мамыр

һижри

Ханафи мәзһабында намаз отырысында саусақ көтеру харам ба?

Кейбір Ханафи фиқһ кітаптарында «аттахияту» дұғасын оқығанда сұқ саусақ көтерілмейді десе, кейбір ханафи кітаптарында сұқ саусақты көтеруді «мұстахаб» санаған. Ең дұрысы да осы. Өйткені, сахих хадистерде Пайғамбарымыздың аттахияту отырысында сұқ саусағын көтергендігі айтылады.

Тиләуәт сәждесі деген не, қалай жасалады?

Тиләуәт сәждесі – Аллаға құрмет. Құран Кәрімнің 14 сүресінде сәжде аяты бар. Олардың бірін оқыған немесе естіген адамға сәжде ету уәжіп.

Менің намаз оқуыма анам қарсы, не істесем болады?

Намаз Алла Тағаланың мұсылман пендесіне көптеген аяттар мен хадистер арқылы парыз етіп міндеттеген бес парызының бірі әрі негізгісі екендігін әрбір мұсылман баласы жақсы біледі.