22
Жұма,
Қараша

һижри

«Шүкір сәжде» дегеніміз не? Ол қандай жағдайда орындалады?

«Шүкір сәжде» дегеніміз не? Ол қандай жағдайда орындалады?

Намаз

Адам өмірінде талай маңызды әрі есте қаларлық сәттерді басынан кешіруі мүмкін.

Мысалы, сәби сүюі, қызметке тұруы, қалағанын сатып алу, ауыр сырқаттан айығуы, сұрапыл апаттан аман қалу және т.б. мұндай жағдайда адамда құдіретті жаратушы Алланы ұлықтап, Оған мақтау айтып, өзінің ризашылығын білдіруге қажеттілік туындайды, сондықтан ол Раббысының алдында бас иеді. Осындай разылық сәждесі «Шүкір сәжде» деп аталады.

Көптеген ғалымдардың пікірінше, шүкір сәждені орындаудың үкімі – сүннет. Яғни, Аллаға жақындата түсетін амал. Сондықтан, бұл үшін сауап жазылады. Бұған Әбу Бәкірмен жеткізілген келесі бір хадис дәйекті дәлел болады: «Алла елшісі (с.ғ.с) жағымды хабар алған кезде немесе қуанғанында сәжде ететін».

Шүкір сәжде Құранның белгілі бір аяттарын оқыған кезде жасалатын тилауат сәждеге ұқсайды. Бұл кезде адам бар денесімен құбылаға қарап, тәкбір айтады да, сәжде жасайды да, бір рет тәкбір айтып, орнынан тұрып бітіреді.

Сондай-ақ, шүкір сәждені қосымша намаздар орындауға рұқсат етілмейтін уақытта, атап айтқанда, күн көтерілген кезде, күн тас төбеде тұрған кезде және күн батып бара жатқан кезде жасауға тыйым салынады.

материал «Күнделікті діни сауалдарға жауаптар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: