Ханафи мазһабы бойынша иғтикәфта болған адам мына амалдарды істеуі мәкрүһ тахримге[1] жатады:[2]
1. Мүлдем үндемеу.[3]
Ханафи мазһабы бойынша иғтикәфта болған адам мына амалдарды істеуі мәкрүһ тахримге[1] жатады:[2]
1. Мүлдем үндемеу.[3]
1. Мешіттен үзірсіз шығу. Үзірлі жағдайға дәретханаға, ихтиләф болған жағдайда шомылу үшін шығу, жұма намазына,[1] ілім қалқасына,[2] жаназаға қатысу, науқасты зиярат ету жатады. Осы айтылған мақсатта мешіттен шығу иғтикәфты бұзбайды.[3]
Әйел адам иғтикәфын мешітте өтеуі – мәкрүһ тәнзиһ. Осы себептен әйелдердің ътикәфтің үйдегі арнайы орында[1] өтуі тиіс.[2] Ол болмаса, онда иғтикәф үшін арнайы бір орын белгіленеді.[3]
1. Иғтикәфқа ниеттену.[1]Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләй-һи уә салләм) ниеттің маңыздылығына қатысты: «Расында амалдар ниетке қарай ескерiлiп, әрбiр адамға ниетiне қарай берiледi»,-деген.[2] Иғтикәф ететін адам иғтикәфтың түрін нақты, яғни уәжіп болса: «Уәжіп иғтикәфты өтеуді ниет еттім»,-деп ниеттенуі тиіс.[3]
Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) үнемі орын-даған амалдан асқан құндылық бар ма?! Иғтикәф еткен адамның мысалы біреудің табалдырығында қажетін табандылықпен сұрап отырған адамға ұқсайды. Мұндай жағдайда тіпті ең қатыгез жүректің жұмсауы ғажап емес! Ал жомарттығы ұлықтығына лайық Хақ Тағала пендесін қашанда кешіруге әзір.
Ханафи мазһабы бойынша иғтикәфтің үш түрі болады:[1]
1. Уәжіп, яғни нәзір етілген иғтикәф.[2] Иғтикәфтің бұл түрі бір нәрсені нәзір еткен жағдайда міндетті болады. Мәселен: «Пәлен ісім болып кетсе, пәлен күн иғтикәф етуді ниет еттім»,-десе немесе істі атамай-ақ: «Пәлен күн иғтикәф етуді ниет еттім»,-десе, ниет еткен күн бойы мешітте иғтикәф ету уәжіп болады.[3]
Ханафи мазһабы бойынша Рамазанның соңғы он күнінде иғтикәф ету – сүннәт муәккәдә.[1] Рамазаннан тыс уақытта иғтикәф ету – мустахаб.[2]
«Иғтикәф» сөзінің тілдік мағынасы: бір жерде болу, тұрақ-тау. Шарғи мағынасы: арнайы орында (мешітте) құлшылық ниетімен болу.[1]
Сұрақ: Қандай жағдайларда мешітке бармауға болады?
Ислам мұсылмандардың бірігіп, жамағат болуына ерекше мән береді. Себебі, жақсылығымен бөлісіп, қиыншылықта қол ұшын беру – мұсылманшылықтың белгісі. Бұл мәселеге қатысты Хақ Тағала: «إِنَّمَا الْمُؤْمِنُونَ إِخْوَةٌ» - «Шын мәнінде мүмин-дер туыс қой»,-деген.[1]