19
Жұма,
Сәуір

һижри

Соңғы күндері еліміздегі діни ахуалдың шиеленісуі ешкімді де бей-жай қалдырмағаны анық. Қай жерде жүрсек те, сақалы ерсі, балағы қысқа сәләфилерді көргенде еріксіз үрейленетін болдық. Мұндай үрей бір ғана менің емес, бірнеше мыңдаған азаматтардың бойында бар десем қателеспеймін. Әрине, оның өзіндік себебі бар. Өйткені, Ақтөбеде орын алған лаңкестік әрекет пен Алматы қаласындағы қарақшылық шабуылдың сәләфилік ағымды ұстанушылар тарапынан болып жатқанын көзі қарақты сарапшыларымыз айтып, дабыл қақты.

Оңғар ӨМІРБЕК, «Иман» журналының бас редакторы:

Сәләфилердің таным-түсінігі қазақтың табиғатына мүлде керағар

Қазір көптеген дінтанушылар мен ғалымдар, саясаттанушылар мен журналистер елімізде сәләфизмді насихаттап жүрген сайттардың кедергісіз әрі бақылаусыз жұмыс істеуіне алаңдаушылығын білдіріп, оларды шектеу қажеттігін көтеріп жүргені белгілі. Біз бұл өзекті мәселе төңірегінде тәуелсіз қазақ діни журналистикасының ардагері, «Иман» журналының бас редакторы Оңғар қажы Өмірбекпен сұхбаттасқан едік.

20 тамыздан басталатын қажылық парызын өтеуге биыл еліміз көлемінен 3000-ға жуық адам барады.  Биыл еліміздің қажыларына «Flynas» әуекомпаниясы толықтай қызмет көрсетеді. Қажылар Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан тікелей рейс арқылы ұшатын болады.

Сирия мен Ирак мемлекеттерінде елдің тыныштығын бұзып, халықты туған жерінен бездіріп, босқын болып басқа елдерден пана іздеуіне бірден бір себепкер –  ДАИШ екендігі мәлім. Өздерін «Ислам мемлекетіміз» деп атап жүрген ұйымның ислам атына кір келтіретін  теріс пиғылды әрекеттерін бүгінгі күні әлемнің дін ғұламалары қатты сынға алып, арнайы пәтуа шығарып, өз көзқарастарын білдіруде.

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Абай Құнанбайұлы

 

Асыл дініміз Ислам – адамзаттың игілігі үшін түсірілген иләһи дін. Адамзаттың ар-намысына нұқсан келтірмеуді, қадір-қасиетін бағалауды мұрат еткен ислам шариғатынан мұсылман баласын ізгілікті таратып, қоғамға зиянды әрекеттерден алшақ болуға, бір-біріне құрмет, ізет танытуға шақыратын принциптерді көруге болады.

Имам Ағзам Әбу Ханифаның ата-тегі парсы ұлтынан болатын. Ол Хақ елшісі (с.а.у)-ның кіндігінен тараған алтын ұрпақ өкілдерін (әһлі бәйт) басына хан көтеріп, олармен бас қоса қалса, дәйім төрден орын беретін. Әйткенмен, базбір әһлі бәйт өкілдері қазының қиясқа (ақыл) көбірек жүгінетінін естіп, оған сырттай наразы болып жүруші еді.

Мехмет Акиф өркөкірек, тəкаппар адамды жаны сүймейтін ақын еді. Алайда, жақын достарының бірі Əли Шəуқи тəкаппарлау, өзін өзгелерден артық көретін жан екен.

«Жұлдыздар – аспанның аман тұруына кепіл. Жұлдыздар аққан күні аспанға уәде етілген күн туады. Мен – сахабаларымның аман тұруына кепілмін. Мен кетсем сахабаларымның басына уәде етілген күн туады. Ал, сахабаларым – үмметімнің аман тұруына кепіл. Сахабаларым кетсе, үмметіме уәде етілген күн туады[1]», – деп Алла елшісі (ﷺ) айтып кеткен.