24
Сәрсенбі,
Маусым

һижри

Құрбандық шалудың тарихы, айт ретінде бекітілуі

Ибраһим (а.с.) пайғамбар өзінен кейін халықты тура жолға бастайтын ізгі ұрпақ сұрап, көп жыл бойы Алла Тағалаға жалбарынған-ды. Бұл тілегі әбден қартайып, ұрпақ сүюден үміті үзілген қарттық шағында қабыл болмасы бар ма?!

Құрбан айт мейрамы қалай тойлануы керек?

Айт барша мұсылмандандың мерекесі болғандықтан, оны еңбектеген баладан еңкиген шалға дейін сезінуі тиіс. Сыйлықтар таратылып, мерекелік мәдени шаралар ұйымдастырылуы абзал амалдардан.

Құрбандық шалудың пайдалары мен хикметтері

а) Алла Тағаланың әмірлерін қалтқысыз орындау пендені Жаратушының ризашылығына бөлеп, ақыретте сый-сыяпатқа кенелтеді. Құрбан шалу да – Алла Тағаланың арнайы бұйрығы.

Құрбан айт пен ораза айттың айырмашылығы қандай?

Барша мұсылман қауымы үшін ең қасиетті, ең қуанышты екі ұлы мейрам бар екенін білеміз. Оның бірі - Ораза айт болса, екіншісі - келіп жеткен Құрбан айт мерекесі. Жалпы "айттау", "айтшылау" ұғымы қазаққа бұрыннан таныс. Алайда, бұл екі айттың әр қайсысына тән өту ерекшеліктері бар екендігін біріміз білсек, біріміз білмей жатамыз.

Құрбандықты уақытында шала алмаса, не істеу керек?

Құрбандық шалу ниетімен сатып алынған малды уақытысында соя алмаған тұрмысы төмен кісі ол малды тірідей садақа етіп береді.  

Қыз баласы құрбан шалмайды деген рас па?

Әйел кісіге өз қолымен құрбанын шалуына да, сондай-ақ, өзгеге шалдыртқанда қасында қарап тұруына да болады, мұның ешбір ағаттығы жоқ.

Құрбандықты ақшалай берсе, сауап жазыла ма?

Құрбандықты сатып алуға арналған қаражатты садақа ету құрбандық шалудың сауабына жеткізбейді. Құрбандық – мал сойып, қан шығару арқылы орындалатын құлшылық.

Құрбан айт – мал сою науқаны емес

Құрбандық – мал сою науқандық шарасы емес. Бұл – халықтың ынтымағын нығайтып, елдің ауызбіршілігін күшейте түсетін айтулы мереке. Бұл – Алла Тағаланың бізге тарту еткен мерекесі. 

Қазақ халқы Құрбан айтты қай жылдан бері тойлаған?

Қазақтардың алғаш Құрбан Айтты тойлаулары туралы ақпараттар ХІХ ғасырдағы орыс жазбаларында да кездеседі.