24
Сәрсенбі,
Маусым

һижри

Мейрамның алғашқы күнінен кейінгі күндерде құрбандық шалуға бола ма?

Құрбандықты айт намазынан кейін шалу керек.

Құрбандықты міндетті түрде адамның өзі шалуы керек пе?

Құрбандықты міндетті түрде адамның өзі шалуы керек пе? Әлде басқа біреуге өкілдік беруге бола ма?

Тәкбір-тәшриқты айту – әрбір мұсылманға уәжіп

"Тәкбір-тәшриқ" дегеніміз, арапа күні таң намазынан бастап, Құрбан айттың төртінші күні екінтіге дейінгі аралықта әр парыз намазының соңында сәлем бергеннен кейін айтылатын дұға. Сүннет, үтір және нәпіл намаздардан кейін айтылмайды.

Жылқы малы неге құрбандыққа шалынбайды?

Ислам діні тарих сахнасына шыққан он төрт ғасырдан бері әһлү суннаға жататын фиқһтық төрт мәзһаб ғұламаларының ешқайсысы жылқы малын құрбандыққа шалуға пәтуа берген емес.

Құрбан малдың еті қалай үлестіріледі?

Құрбанның еті үш бөлікке бөлінеді. Бір бөлігін отбасына, екінші бөлігін туыс-туғандарына, жора-жолдастарына, үшінші бөлігін кембағалдарға тарату – мұстахап.

Көп балалы отбасы өздері шалған құрбан етін алып қалса бола ма?

Құрбандыққа шалынған малды мейлі көпшілікті шақырып ас етіп берсін, мейлі кедейлерге таратып берсін ол адамның өз еркінде.

Құрбанның орнына садақа берсем бола ма?

Әрбір құлшылықтың өзіндік ерекшелігі болады. Зекеттің, садақаның, құрбанның жеке дара сипаттарымен шариғаттағы орны бар.