17
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Кеше наиб мүфти, Астана қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы асыл дініміздің дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан журналистерді марапаттады.

ҚМДБ-ның Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Ораза айт мейрамы елордалық тұрғындар мен қала қонақтары үшін сән-салтанатымен аталып өтті. Бұл мейрам мәдени-спорттық шаралармен қатар қайырымдылық жұмысымен де елдің есінде қалды. «Нұр Астана» орталық мешітінде өткен Ораза айт мерекесі аясында «Мейірімділік жәрмеңкесі» өтті. Оған мешіт ұстазы Динара Құтқожақызы мен әйел жамағаты, қыз балалардан құралған шәкірттер толықтай ат салысты. Қайырымдылық жәрмеңкеде тағамдар, тәттілер, тоқаштар сатылды. Шараның мақсаты – жәрмеңке қаражатымен мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсету.

Бүгін таңғы жетіде Астана мешіттерінде Ораза айт намазы оқылды. Исламдағы атаулы күнді «Нұр Астана» орталық мешітінде қарсы алуға елордалықтар таң сәріден жинала бастады.

Бүгін жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі –  Ораза айт мейрамы. Бұл күні Алланың разылығы үшін бір ай бойы ауыз бекітіп, мұсылмандықтың бес парызының бірі саналатын Оразаның шарттарын орындаған жандар ауыздарын ашады. Мұсылмандар Оразамен қимай қоштасып, Алла Тағалаға қасиетті Рамазан айына амандықта-саулықта жеткізгеніне шексіз алғыс айтып, келесі  Рамазан айына да есендікте жетулерін тілеп, мінәжат етеді.

Маусым айының 25 жұлдызында  егеменді еліміздің барлық мешіттерінде Ораза айт намазы оқылды. Астана қаласының «Төлебай» мешітінде таң намазынан кейін мұсылман қауымы Ораза айт намазына жинала бастады.

         Бүгін ҚМДБ наиб муфтиі, "Нұр Астана" орталық мешітінің Бас имамы мен мешіт ақсақалдары жиналған жамағатқа "Жаназа және жерлеу рәсімдері" атты кітаптың таныстырылымын өткізді.

Қадір түні «Нұр Астана» орталық мешітінде Тарауық намазы оқылып, Құран хатым дұғасы жасалған соң, Рамазан айының басынан бері Құран Кәрімді толығымен хатым еткен қарилар марапатталды.

Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде астаналық жамағат пен қала қонақтары Қадір түнін қарсы алуға жиналды. Қасиетті Қадір түніне жиналған жамағаттың санында шек болмады. Құптан намазын мешітте оқуға ниет еткен жамағат тарауық намазына қатысып, бір сапта тұрып құлшылық жасады. Мың айдан да қайырлы Қадір түнін өткізуге келген мұсылман қауымының белсенділігі шынымен қуантты.

Қасиетті Қадір түні қарсаңында Астана қаласындағы «Төлебай» мешітінде бас имам Асхат Салимовтың ұйымдастыруымен «Берекелі Рамазан» акциясы аясында Қадыр түніне арналған қайырымдылық шарасы өтті.