Барша мұсылман үшін қасиетті Құрбан айт мейрамы жақындап қалды. Жыл өткен сайын халық мерекенің қадір-қасиетін тереңінен сезініп, құрбандық шалушылар қатары көбейіп келеді.
Діни оқу орындары мұғалімдері кәсіби біліктілігін арттырды
Бүгін Астана медресесінде өткен «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа форматтағы педогогі» республикалық семинары тәмамдалып, қатысушыларға біліктілікті растайтын сертификаттар табысталды.
Дін саласының ұстаздары ЭКСПО мен Бәйтеректі қызықтап қайтты
Астанаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген дін саласының ұстаздары кеше ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының ұйытқысымен ЭКСПО көрмесі мен елорда символы –«Бәйтерек» монументін қызықтап қайтты.
Еліміздегі дін саласы оқытушылары ҚР Ұлттық музейін тамашалады
"Астана медресесінде"«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа форматтағы педогогі» республикалық кәсіби біліктілікті арттыру сабақтары жалғасуда.
«Нұр Астана» орталық мешітінің ресми порталы – www.ummet.kz жаңа форматта!
Ассалаумағалайкүм, құрметті оқырмандар! «Нұр Астана» орталық мешітінің ресми порталы – www.ummet.kz жаңа дизайнға көшкенін хабарлаймыз!
«Астана медресесінде» республикалық семинар басталды
«Астана медресесінде» «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа форматтағы педогогі» тақырыбында республикалық семинар сабақтары басталды.
Бішкек мэрі Астана қаласының Бас имамымен кездесті
Елордада өткен ТМД астаналары мен ірі қалаларының халықаралық Ассамблеясының XXV сессиясына қатысқан Бішкек қаласы мэрінің міндетін атқарушы Эрнис Зарлыков «Нұр Астана» орталық мешітіне арнайы келіп, ҚМДБ наиб мүфтиі, Астана қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті.
"Астана" медресесі талапкерлерді оқуға қабылдайды
«Астана» медресе колледжі 1-20 тамыз аралығында жаңа оқу жылына талапкерлерді қабылдайды. Медресеге 17-ден 25-жасқа дейінгі 11 сынып түлектері мен колледж бітірушілері түсе алады. Исламтану факультетіндегі 2 жыл 10 айға созылатын оқу бағдарламасы аясында шәкірттерге техникалық және кәсіптік білім туралы диплом табысталып, «Имам-хатиб» біліктілігі беріледі.
Түзеу мекемесінде дінаралық татулық насихатталды
Кеше Астана қалалық Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінде діни бірлестіктермен бірлескен маңызды шара болып өтті. Шараға «Астана қаласының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» ММ басшысы, әділет полковнигі Н.Рысбаев, «Астана қаласының Дін Істері жөніндегі басқармасы» ММ басшысы Д.Есин және Астана қаласының діни бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Аталған шараның мақсаты: «Түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілер арасында дінаралық татулықты сақтау, деструктивтік діни ағымдардың таралыуының алдын алу, теріс ағымдардың зиянды тұстарын түсіндіру және оған қарсы тұратын иммунитет қалыптастыру».
Бас имам журналистерді марапаттады
Кеше наиб мүфти, Астана қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы асыл дініміздің дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан журналистерді марапаттады.
«Нұр Астана» мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті
ҚМДБ-ның Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Ораза айт мейрамы елордалық тұрғындар мен қала қонақтары үшін сән-салтанатымен аталып өтті. Бұл мейрам мәдени-спорттық шаралармен қатар қайырымдылық жұмысымен де елдің есінде қалды. «Нұр Астана» орталық мешітінде өткен Ораза айт мерекесі аясында «Мейірімділік жәрмеңкесі» өтті. Оған мешіт ұстазы Динара Құтқожақызы мен әйел жамағаты, қыз балалардан құралған шәкірттер толықтай ат салысты. Қайырымдылық жәрмеңкеде тағамдар, тәттілер, тоқаштар сатылды. Шараның мақсаты – жәрмеңке қаражатымен мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсету.