06
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Дүйсенбі дидары

26-ақпан. АСТАНА /UMMET.KZ/ – ҚМДБ-ның Астана бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар Мұқанов мешіт қызметкерлерімен жиналыс ашты.

«Нұр Астана» орталық мешітіне білікті мамандар тағайындалды (ФОТО)

26-ақпан. АСТАНА /UMMET.KZ/ – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен «Нұр Астана» орталық мешіті жаңа білікті кадрлармен толықтырылды.

Мұсылман отбасындағы әйел кісінің орны (ФОТО)

26 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz. ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешітінде «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті Исламтану кафедрасының профессоры, Phd докторы Шамшат Амангелдіқызы әйелдер жамағатымен кездесті.

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар қажы Мұқанов Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Eлшісінің діни істер жөніндегі аға кеңесшісі Галиб Акын мырзамен кездесті.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазірет «Нұр Астана» орталық мешітінде жұма уағызын жүргізді. Бас мүфти қасиетті күннің құлшылығына жиналған Елорда жұртына «Мұсылманның ақысы» жөнінде салиқалы әңгіме өрбітті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының насихат және қоғаммен байланыс бөлімі «Әйелдер-қыздар» секторы мен «Нұр Астана» орталық мешітінің «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен қыз-келіншектер арасында салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасына арналған шеберлік сағаты өтті.

Күн райының қолайсыздығына орай «Нұр Астана» орталық мешіті «Астана – мейірімді қала» акциясы аясында қала тұрғындарына, жаяу жүргіншілер мен көше қызметкерлеріне тегін тамақ таратуды бастап кетті.

Құрметті Астаналықтар! Нұр Астана орталық мешіті елордамыздағы күн райының қолайсыздығына орай қыс мезгілінің қазіргідей аязды күндері көмекке мұқтаж болған жандарға, қамқорлық танытуға шақырады. Осыған орай мешіт қызметкерлері мен жамағат бірлесе отырып “Астана – мейірімді қала” атты акциясын бастауда.

Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың қатысуымен «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты Елбасы Жолдауын қала имамдарына кеңінен таныстыру жиыны өтті.

«Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы  Асқар Мұқанов мешіт жанындағы «Астана медресесі» шәкірттерімен кездесіп, салиқалы сұхбат құрды.