14
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Құрбан айт мейрамындағы Астанадағы айт намазына 30 мыңнан астам адам қатысты. Көкжиектен күн шыққанан-ақ мешітке ағылған қалың көпшіліктің саны Қадір түніндегіден кем болмады. Мешіттерде ине шаншар орын қалмай, мешіт ауласына қосымша жайнамаздар төселді. Бұл дініміз дәріптеген ерекше күндер – бұқаралық сипатқа ие болғанының айқын көрінісі. 

2013 жылдан бері қыркүйектің екінші жексенбісі ҚР Президенті Жарлығымен Отбасы күні ретінде тойланып келеді. Биыл бұл мереке 10 қыркүйекке түсіп отыр. Осыған орай, бүгін ҚМДБ наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы «Шалқар» радиосының қонағы болып, «Өнегелі отбасы» хабарының тікелей эфирінде неке қию, шаңырақ құру тақырыбында тағылымды сұхбат берді.

Астана іргесіндегі «Теміржолшылар» елдімекенінде орналасқан «Әс-Сәлам» мешіті Құрбан айт мейрамында бірқатар қайырымдылық шараға ұйытқы болды.

Қасиетті Құрбан айт мейрамының екінші күнінде ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімі «Әйелдер-қыздар» секторы ақжаулықты аналар мен дін саласында қызмет етіп жүрген қыз-келіншектердің басын қосып, айт дастарқанын жайды.

Құрбан айт мейрамына орай жыл сайынғы дәстүр бойынша Корпоративтік «Зекет» қорының Астана қаласы өкілдігі балаларға мерекелік кеш сыйлады. Іс-шараға көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан 1-15 жас аралығындағы 200 бала қатысты.  

Кеше қасиетті Құрбан айттың мерекелік намазынан кейін «Алтын таға» мал базарында «Раббың үшін құрбан шал» шарасы өтті. Дәстүрлі сипат алған игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы және қала имамдары қатысты.

Әлем мұсылмандары көптен күткен ұлық мейрам Құрбан айт та келіп жетті. Бүгін таң сәріден «Нұр Астана» орталық мешітіндегі Айт намазына 10 мыңға жуық халық жиналып, жамағат әрі қарай мерекені сән-салтанатымен тойлауға кірісті.

Бүгінгі Құрбан айт мерекесі ҚМДБ-ның Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен елордалық тұрғындар мен қала қонақтары үшін сән-салтанатымен аталып өтті. Бұл мейрам мәдени-спорттық шаралармен қатар қайырымдылық жұмысымен де елдің есінде қалды. «Нұр Астана» орталық мешітінде өткен Құрбан айт мерекесі аясында «Мейірімділік жәрмеңкесі» өткізілді.

Бүгін күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Құрбан айт басталды. Таңғы сағат 7:00-де Астанадағы барлық мешітте айт намазы оқылды. Дұға оқып, тілек тілеуге жиылған кісінің қарасы көп. «Нұр Астана» орталық мешітінде оқылған айт намазына он мыңға жуық жамағат жиналды.

 

– Ассаламағалейкум, құрметті Наурызбай қажы Тағанұлы! Мұсылман халқы үшін қадірлі Құрбан айт мерекесі есігімізден енгелі тұр. Осынау ұлық мерекенің мән-маңыздылығына тоқталып өтсеңіз...