20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Бүгін Елордада Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен Діни білім және кадр дайындау орталығы ашылды. Орталықтың ашылу рәсіміне ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице министрі Берік Арын, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, дін қызметкерлері қатысты. «Имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілікті көтеру республикалық орталығы» «Әлжан ана» мешітінің жанында орналасқан.

Флорида штатындағы Орландо қаласында АҚШ бойынша ең үлкен әрі ең әдемі мешіттердің бірі есігін жамағатқа айқар ашты. Мәрмер тас пен қызыл ағашты шеберлікпен қиюластырып салынған құлшылық ордасы сән-салтанаты Шығыс елдерінің мешіттерімен бой таластыруға да жарайды дейді жергілікті халық.

Алматы қаласындағы дәмханалардың бірінде ұмыт қалдырылған 5 миллион теңге салынған сөмкені тазалықшы әйел иесіне қайтарып берді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен футболдан «Ұлы дала жастары» атты республикалық турнир өтті. «Astana arena» спорт кешенінде өткен сайысқа алдын ала іріктеуден өткен командалар бақ сынасты.

Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Елорда имамдарының жылдық қорытынды жиналысы өтті. Отырыста ҚМДБ тарапынан бекітілген төрт бағыт бойынша атқарылған жұмыстар ортаға салынып, талқыланды. ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы ел имамдарына төрт бағыт бойынша атап айтсақ, үгіт-насихат жұмыстары мен қайырымдылық шаралары, теріс пиғылды ағымдармен жұмыс жасау және діни сауат ашу курстарын жандандыру жұмыстарын жүйелі жолға қою – республика дін қызметкерлерінің негізгі міндеттері екенін айтты.

Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде мұқтаж жандарға дастархан жайылып, қайырымдылық шарасы өткізілді. Демеуші азаматтардың қолдауымен жайылған қайырымдылық дастарханына Астана қаласындағы тұрмысы төмен 300 адам шақырылып, қарашаның қара суығында мешіттегі мейірімділікке жылынып қайтты.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен бұқаралық ақпарат құралдарына кез келген діни мәселелер мен сауалдар бойынша түсініктеме, сұхбат беретін, телебағдарламаларға қатысатын имамдар пулы жасақталды, деп хабарлайды muftyat.kz.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы латын әліпбиіне көшу мәселесі бойынша Діни басқарманың бөлім басшылары мен дін қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды akorda.kz.

Баспаналы болған қазақтың саны көбейді. «Асар»  қайырымдылық акциясы аясында ҚМДБ-ның Оңтүстік Қазақстан облысы өкілдігі мен облыстық «Зекет» қоры бірлесіп 4 отбасыға тегін үй салып берді, деп хабарлайды muftyat.kz

ҚМДБ ұсынған тізім бойынша «Уақып» қоры өзін-өзі қаржылай қамтамасыз ете алмайтын ауыл мешіттеріндегі молдалар мен ұстаздарға қайырымдылық көмек көрсете бастады, деп хабарлайды muftyat.kz