Қырғыз республикасында әйелдер арасында қажылық парызын өтеуге ниеттілер қатары көбейіп келеді.
Әмірлік ислам қағидаларына сай қонақүй стандартын бекітті
Дубай әкімшілігі ислам діні қағидаларына сай мейманхана мекемелерін басқару бойынша стандартты бекітті.
Египетте көне пирамида табылды
Мысыр археологтары жаңа ғылыми жаңалыққа кезікті. Египеттің ежелгі жәдігерлер ісі бойынша министрлігі Каир қаласынан 25 шақырым қашықтықтағы Дахшур ауданында көне пирамида қалдықтары табылғанын хабарлады.
Дубай ханзадасы құмға батқан КамАз-ды өз көлігімен сүйреп шықты (ВИДЕО)
Әлеуметтік желілерде Дубай әмірінің ұлы, мұрагер ханзада Хамдан ибн Мохаммед әл-Мақтұмның құмға батқан жүк көлігін өзінің темір тұлпарымен сүйреп шығарған сәті түсірілген бейнежазба кең тарап кетті. Желі қолданушылары ханзаданың қарапайымдылығына тәнті болды.
«Махмұд Қашғари» мешіті ашылды (ФОТО)
Қырғызстанда 1 сәуір күні Бішкектегі ең үлкен мешіттің бірі – Махмұд Қашғари мешіті ашылды.
Мысыр имамы исламның ерекше сыр-құпиясын ашты (ВИДЕО)
Египеттік имам, шейх Ахмад Иса әл-Маасарафи намаз уақытында мұсылмандардың ерекше ұйымшылдығының сырын ашты.
Бақылаушылар мұсылмандардың қаншалықты көп болғанына қарамастан, ешбір арнайы жаттығу немесе реттеушісіз азан айтылғаннан кейін бірнеше секунд, минуттар ішінде бір қатарға сап түзейтініне назар аударды.
Іргелес Ресей елінде де бұл жағдай Ораза және Құрбан айт мерекелері мен намаздарында айқын байқалады. Мәселен, Мәскеу орталық мешітінде оң мыңдаған мұсылман мешіт сыртына, ауласына және бірнеше көшелерге жиылады. Ал азан айтылысымен, түп-түзу сапқа тұрады.
Дегенмен, көз сүйсіндірер бұл көрініс адамзат тарихындағы ең ауқымды діни шара саналатын қажылықпен теңесе алмайды. Қажылық кезінде орта есеппен 4,-5 миллион қажы бір уақытта бір орынға жиылады.
Осы сәттегі таңдай қақтырар нәрсе – Қағбаны айналып тәуап ету рәсімі. Айта кетсек, бұл рәсім бір минутқа да үзілмейді, тәулігіне 24 сағат, жылына 365 күн орындалады. Ал ең керемет көрініс – бес уақыт намаз орындау үшін тізбектелген адамдар қатары бейнебір теңіз толқыны іспеттес.
Шейх Ахмад аль-Маасарави бұл көріністің жедел де ауқымды түрде үйлесіммен орындалуын әр адамның өз-өзін өзгертуімен байланыстырады. Нәтижесінде, адам ұжымдық қалыпқа еніп, үйлесім табады. «Егер біз «өзіңнен баста» деген ережені қолдансақ, шынайы жағдайды өзгерте аламыз» деп жазады имам.
{youtube}Dtm5voNZ64I{/youtube}
ummet.kz-ақпарат
«Мұсылман елдері журналистері экстремизмге қарсы» форумы өтеді
Мәскеу қаласында 27 сәуір күні «Мұсылман елдері журналистері экстремизге қарсы» атты форум өтеді.
GPS-навигатор адам миына қалай әсер етеді?
Ұлыбританияның Кент университеті ғалымдары GPS-навигатор қосымшасының адам миына әсерін анықтады.
Бішкекте намаз үйрететін жайнамаз шықты
Қырғыз астанасы Бішкек қаласында намаз оқуға арналған жетілдірілген электронды жайнамаз сатылымға шықты.
Ислам даму банкі 715 млн $ жобаны қаржыландырады
Ислам даму банкі (IDB) атқарушы директорлары кеңесінің Мәдина қаласында өткен 318-ші отырысында мүше-мемлекеттердегі жаңа жобаларды қаржыландыруға 747,7 миллион доллар қаражат бөлу туралы шешімді бекітті.
14 жасар жеткіншек университетте сабақ береді
Ұлыбританияда ең дарынды Йаша Эсли есімді мұсылман жеткіншек Лейчестер университетіне жоғары курс студенттеріне көмектесуге қызметке қабылданды, деп хабарлайды Daily Mail.