Ұлыбританияның Кент университеті ғалымдары GPS-навигатор қосымшасының адам миына әсерін анықтады.
Мамандар пайымынша, GPS-навигатор ми белсенділігін төмендетеді. Себебі, бұл қосымша қоршаған кеңістікті жіті зерделеудегі мидың жұмысына тоқсауыл болады. Зерттеу жұмысы Nature Communications журналында жарияланды.
Тәжірибе барысында 24 қатысушы Лондондағы Сохо ауданының виртуалды моделінде тиісті мекенжайды компьютер көмегінсіз табуға тиісті болды. Ал соңынан GPS көмегі арқылы аталмыш мекенжайды іздеді. Осы тәжірибенің әрбірінде қатысушылардың ми қызметі МРТ қызметі арқылы бақыланды.
Зерттеу нәтижесінде өздігінен іздеу кезінде қатысушылардың миында іздеуге және шешім қабылдауға жауап беретін гиппокамп және префронталды қабық белсенді жұмыс істегені анықталды. Екінші жағдайда қатысушылардың миы белсенділігі төмендеген.
Ғалымдар мәселенің екінші қырын да ұмытпауды айтады. Бұл жағдайдың, яғни GPS-навигаторға сүйенудің пайдалы тұстары бар. Себебі, адам қажетті бағытты іздеу кезінде арнайы техниканың көмегіне жүгіну арқылы мидағы қажетті ресусратрды өзге де мақсаттарда пайдалануға сақтай алады.
ummet.kz-ақпарат