Адам баласы дүниеге келе салысымен оның бойында адамгершілік қасиеттің бірден пайда бола салмайтыны бәріңе белгілі. Адамгершілік қасиет тек имандылық тәлім-тәрбиеcі арқылы болады. Ендеше, адамның әдепті яки әдепсіз болуы жастайынан берілген тәрбиеге байланысты. Сондықтан да әке-шешенің ең әуелгі міндеттерінің бірі баланы бағып-қағып жақсы тәлім-тәрбие беруінде. Тәрбиенің адам өмірінде елеулі орын алатындығы баршаға мәлім. Атам қазақ: «Бала тәрбиесі бесіктен» деп, тәрбиені сәби кезден бастау керектігін білдірген.
Жамағат – көпшілік бірлігі
Бисмиллаһиррохманир рохим.
Қазіргі кезде қоғамымызда өмір сүріп жатқан көп адамдардан: - Ислам дінінде бірлік жоқ, олар топ-топ болып алып қырылысып жүр, бірін-бірі жек көреді деген сөздерді де еститін болдық. Алла сақтасын, бұл ақ пен қараны айырып білмеген адамның айтқан сөзі. Әлбетте мұсылмандар әрқашан бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара біледі.
Салт-дәстүріміз және ислам
Қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлерінің ішкі мәні мен шығу тегі Ислам құндылықтарымен байланысты екенін жиі байқап қалып жатамыз. Халқымыз өмір белестерінің барлық саласында атқарылар іс-шаралар мен салт-сана, жоралғылардың басым көпшілігінде асыл дінімізден тікелей алынған дәстүрлер мен діннің әмір-тыйымдарына сай келетін жоралғыларды ғасырлар сүзгісінен өткізе отырып, жалпы халықтық деңгейде қолданып, көшпенділер өркениетінің бір парасына айналдырып, әлемдік мәдениеттің жоғары деңгейін жасау сынды адамзаттың дүниелік мұратында өз ізін қалдырып кеткенін байқаймыз.
Жастарымызға діни экстремизмнен келетін қауіп
Діни экстремизм. Біздің қоғамға жаңа ғасырмен бірге келген, қазақ даласына мүлдем бейтаныс, жаңа ұғым. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап азаматтарға дін еркіндігі берілуіне орай, шекарамыздан жат ағымдар да аттай бастағаны тарихи шындық. Сол кезеңдерден бастап, дәстүрлі Исламға кереғар жат ағымдардың кесірінен бүкіл әлемде пайда болған «экстремизм» үрейі бізді де ойландыра бастады.
Қазақстандағы қажылықтың тарихы
Қажылық – мұсылмандардың қасиетті бес парызының бірі. Қазақ халқы Ислам дінін ұстанатын мұсылман халықтардың бірі есебінде бағзы замандардан бері қасиетті Қағбаны тауап етіп, қажылық парызын өтеп келеді. Осыған байланысты қазақ жерінде қажылықтың тарихын зерттеп, келер ұрпаққа өнеге шашу бүгінгі буынның қасиетті парызы болмақ. Шариғат бойынша кәмелеттік жасқа толған, ақыл-есін білетін, денсаулығы жақсы, дәулеті байлық деңгейіне жеткен, өзгеге қарызы жоқ мұсылман үшін өмірінде бір рет қажылыққа баруы парыз болып саналады. Оның парыздығы қасиеттi Құранда: «Алла үшiн Қағбаны адамдарға қажылық ету парыз» («Әли-Имран» сүресi, 97 аят)[1], - деп ұқтырылса, хадис шарифте: «Ислам бес негiзге құрылған: Алла Тағаладан басқа тәңiр жоқ және Мұхаммед оның елшiсi деп куәлiк ету. Намаз оқу. Зекет беру. Рамазан айында толық ораза ұстау. Байтуллаға қажылыққа бару», - делiнген.
Домбыра тартуға дініміз тыйым салмайды
Соңғы кездері әсіре діншілдер жастарға «Домбыра тартып, ән айтуға болмайды» деп, ақылға қонбайтын пәтуа шығарып жүр. Менің ойымша қазақтардың өмірінде маңызды орын алатын, аспаптық шығарма - күй жанрына ықпал еткен қасиетті домбыраны солай айтуға бола ма?!
Тілім – дінімнің тірегі
Қасиетті Құран Кәрімде: «Әр пайғамбарды ашық түсіндірсін деп елінің тілінде ғана жібердік...[1]», – деген келтіріледі. Расында, тіл тек бір-бірін ұғынысу, түсінісу және қарым-қатынас құралы ғана емес. Ол – адамның бар болмысын көрсететін жан дүниесінің айнасы. Кез келген ұлттың діні мен ділі оның тілінде көрініс табатыны сөзсіз.
Хақ дін татулықта тұрақтайды
«Біздің Конституция сенім бостандығына кепілдік береді, бұл – факт. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, шексіз еркіндік деген болмайды. Ол дегеніміз – хаос. Барлығы да Конституция мен заңдар аясында болуға тиіс». Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
Дәстүрлі Ислам дегеніміз не?!
Тәуелсіздік асыл дінімізге жаңа серпін бергеніне ешбір жанның шүбәсі жоқ. Ауыл-аймақ, қала-кенттерімізде зәулім мешіттер менмұндалап бой көтере бастады. Ай алмасып, жыл жылжыған сайын, Алласын танып, құбылаға жүз бұрып, тізе бүккен, қасиетті Рамазан айында ауыз бекіткен, Меккені мұрат етіп, қажылық парызын орындайтын жандар қатары көбеюде.
Елбасы айтқан насихат
Қазіргі таңда көп нәрсеге етіміз үйреніп те кетті. Әлемде және елімізде болып жатқан көптеген әлеуметтік, қоғамдық өзекті мәселелерге немқұрайды қарайтын болдық. Небәрі он бес, жиырма жылдың ішінде қоғам қатты өзгерді. Бұрынғы құндылықтар құнсызға, құнсыздар құндыға айналды. Соның бірі – отбасы құндылығы.
Діни тұлға тапшы ма?
Жастардың Исламды дұрыс түсінбей жүруінің негізгі себептерінің бірі – діни тұлғаның жоқтығы деп ойлаймын. Нақтырақ айтқанда, жастар бұрынғы және қазіргі діни тұлғалармен және олардың еңбектерімен етене таныс емес. Оған, мүмкін, қазақ ғұламаларының қажетті деңгейде насихатталмай жатқаны себеп болар. Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп... Міне, осымен жастар білетін қазақ ғалымдарының тізімі бітті.