22
Жұма,
Қараша

һижри

Ислам ойшылдары нәпсі тәрбиесінде ең маңызды әдістердің бірі мурабата екендігін ерекше атап өткен. Алла Тағалла жолында нәпсіні байлауды және жақсылықты лазым көріп, онда шыдамды болуды мурабата деп атаймыз. Басқалай айтсақ, нәпсіні тізгіндеу, оны тергеп, тәртіпті түрде жолға қойып отыру. Ол мушарата, мурақаба, муҳасаба, муақаба, мужаҳада және муатаба жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Енді осы алтауымен де біртіндеп танысып шығайық.

Әрбір халықтың басынан өткерген тарихи тағдыр кешулері бар. Халық осы тарихи үрдістердің негізінде қалыптасқан дәстүрлі құндылықтармен астасып-қойындасып өмір сүреді. Салт-дәстүр ұлттың бір мәдени қабаты ғана емес, сол халықтың төлқұжаты іспетті. Яғни, халық үшін оның салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы басты құндылықтардың бірі саналады. Сол үшін де халықтың дәстүрлі жүйесін күшпен өзгерту былай тұрсын, негізсіз сынауға да болмайды. Салт-дәстүр және ұлттың басқа да құндылықтары тек табиғи жолмен ғана трансформацияланады.

Алла Тағала – Өзінің жолында, мұқтаж жандарға қол ұшын беретін атымтай жомарт пенделерін айрықша жақсы көреді. Жалпы, көңілі дархан қазақ халқының бойынан жомарттылық, кеңпейілділік қасиеттері ешқашан ажыраған емес. Жомарттық –  жұмыр басты пендеге бақыт алып келетін ұлық ғибадат.

Ардақты Алла Елшісі () бірде сахабаларымен мәжіліс құрып отырып: «Кімде-кімнің үш қызы болып, оларды асырауға, қиыншылықтары мен қуаныштарына төзіп сабыр етсе,  Алла Тағала ол адамды қыздарына рақымдылық танытқаны үшін жұмаққа кіргізеді», – деп айтады. Сонда сахабаларының бірі: «Уа, Алланың Елшісі! Егер екі қызы болса ше?» – деп сұрайды. «Екі қызы болса да солай», – дейді Пайғамбарымыз (). «Ал, егер бір қызы болса ше?» – дейді бір сахаба. Алла Елшісі () сонда: «Бір қызы болса да солай», – деп жауап берген екен[1].

Уәде – шыншылдық пен әділдіктің бауыры. Ал, опасыздық – өтірік пен әділетсіздіктің жақыны. Уәдеде тұру – тілмен шындықты айтып, іспен соны жүзеге асыру.

Мәдина қаласындағы бір фирмада электр саласында қызмет атқаратын Алланың досы, пайғамбарымыздың шынайы үмметінен болған бір мұсылман бауырымыз бірде аптаның соңғы күні таңертең өзіне берілген міндетті атқарып, үйіне қайтар мезгілде Алла Елшісі (Рауза) жерленген аймақта тоқ соғып, бұл дүниемен қош айтысады.

Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзінің бір хадисінде:

مَا نَحَلَ وَالِدٌ وَلَدَهُ أَفْضَلَ مِنْ أَدَبٍ حَسَنٍ

«Әкенің баласына жақсы тәрбиеден артық берер сыйлығы болмас», – деп өсиет айтқан екен. Демек, әрбір ата-ананың баласына берер ең асыл сыйлығы – тек қана тәлімді тәрбие болмақ. Бірақ, тәрбиенің де өз уақыты, өз ғибраты, өзіндік әдіс-тәсілдері болады. Бүгін біз бен сіз болып, осы тақырып төңірегінде ой толғатамыз.

Достық. Ауладағы баланың достығы велосипедін тебуге беру немесе балмұздағын бөлісумен өлшенеді. Мектеп қабырғасында сабаққа көмегің тисе немесе білегің мықты болса айналаңда «достарың» болады. Ал, студенттік жылдары тапқан достың жөні бөлек. Әр кездің досқа қояр талабы әр қилы. Бала күннен мықты «тамыр» боп, бала-шағалы болғанда да достықтарына берік болып қалғандар да баршылық. Дегенмен, жалғыз досың болса да шынайы болғанға не жетсін. Дос бола білу адамның ең асыл қасиеттерінің бірі болса керек.

Ібіліс Адамға с.ғ. сәжде жаса деген иләһи бұйрыққа бойсұнбады. Ол иләһи бұйрыққа бойсұнбастан бұрын мәртебесі жоғары еді. Алла тағала Құранда: «Естеріңе алыңдар, (Біз) періштелерге адамға сәжде етіңдер дегенімізде олар сәжде етті. Бірақ ібліс (тәкәппарланып) Сенің лайдан жаратқаныңа сәжде етемін бе? - деді» (Исра - 61).