Хәкім Абай: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тән құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демеклік... [1]», – дегендей нәресте ең әуелі тәндік қажеттілікке мұқтаж. Сондықтан да нәпсілік қасиеті ақылдан әуелі дамиды.
Діни экстремизмнің алдын алудың қандай тәсілі бар?
Діни экстремизмнің құрбанына айналудың басты себептерінің бірі – дінді дұрыс түсінбей, шариғат шеңберінен шығу. Негізі дінге алғаш бет бұрған адам барлық ғибадаттарды мүлт жібермей, толыққанды орындауға тырысады. Сондай-ақ, естіген уағыздарына амал етуге әрекет етеді. Міне, теріс ағым өкілдері осы сәтті ұтымды пайдаланып, ондай адамды өз құрығына түсіруге барын салып бағады.
Мәзһабты тәрк еткенің – жолдан қиыс кеткенің
Аят: «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер». (3. Әли-Имран сүресі, 103-аят)
Хадис: Хазреті Абдулла ибн Амрдан (р.а) келген риуаятта Алла Елшісі (с.а.с) былай дейді: «Исраил ұрпақтары жетпіс екі тармаққа бөлінген. Үмбетім жетпіс үш тармаққа бөлінеді. Бұлардың біреуінен басқа бәрі тозақтық болады». Сонда сахабалар жұмақтық болатындардың кімдер екенін сұрағанда, Расул Алла (с.а.с) былай деген екен: «Мен сахабаларыммен қай жолда болсам, сол жолдағылар». (Тирмизи, Иман 18,(2643)
Форум жүктеген міндет мол
Атадан мирас болған асыл дінімізге қызмет етіп жүргенімізге де жиырма жылдан асыпты. Осы уақыт аралығында еліміздің өсіп-өркендеу баспалдақтарынан жұртпен бірге жұмыла жүк көтеріп, қал-қадарымызша еңбек етіп келеміз.
Форум – өзекті тақырыптар мәжілісі
Мейірімді, рахымды Алланың атымен!
Астана қаласында ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен тұнғыш рет «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты имамдар форумы өткелі жатыр. Мен 1988 жылдан бастап ҚМДБ қарамағында имамдық қызмет атқарып келемін.
Алтыннан құны жоғары хадис
Бұл хадиске ислам ғалымдары «құны алтыннан да жоғары» деп баға берді. Хадис Халид ибн Уалидтен риуаят етіледі:
Бірде пайғамбарымыз Мухаммедке (с.ғ.с.) бір араб кісі келіп: «уа Алланың елшісі мен сізден қандай амал жасау арқылы ізгілікке қол жеткізетіндігімді сұрау үшін келдім», - деді.