10
Жұма,
Сәуір

һижри

Әйел адамдар Қадір түнін қалай өткізеді?

Бұл түнді ерлер қауымы секілді әйелдер қауымы да бір Аллаға құлшылық жасаумен өткізеді. Алайда, көпшілікті «әйелдер мешітке барып, Қадір түнін өткізсе бола ма?» дейтін сұрақтың мазалайтыны анық. 

Қадір түні Рамазанның қай түніне тура келеді?

Алла Тағала бұл өмірді сынақ ретінде жаратқан. Сондықтан да өмір ішіне өлімді, адамдар арасына әулие құлдарын, дұғаның қабыл болатын сәтін жұма күнінің белгілі бір уақытына жасырған. Осы ретпен рамазан айының қай түні Қадір түні екенін де ашық білдірмеген.

Рамазанның соңғы он күні несімен ерекше?

Рамазанның соңғы он күнінде ораза ұстаған кісінің иғтиқафқа кіруі – мұстахаб. Өйткені иғтиқафқа кіру нәпсінің тыйым салынған нәрселерден қорғануын қамтамасыз етеді. Әсіресе, қадір түніне тура келу мүмкіндігін және құлдың сол жөніндегі үмітін арттырады.

Үйге қонақ келеді деп оразасын ұстамаса, кәффарат қажет пе?

Жоқ, каффарат қажет болмайды, сол күннің қазасын өтейді. Каффарат бастап қойған парыз оразаны әдейі бұзған жағдайда міндеттеледі.