07
Жұма,
Ақпан

һижри

Куфа аймағында ақиқаттан адасып, күнәға белшесінен батқан қауымның арасында ізгі ниетті санаулы-ақ шаңырақ бар еді. Бұлар ешқашан өз дінінен айнымай, Хақ Тағалаға ғана құлшылық қылатын. Нұх та сол санаулы отбасының бірінде дүниеге келді.

Ыдырыс (а.с.) – Құранда аты аталған пайғамбарлардың бірі. Кейбір деректерде Нұхтың арғы атасы екендігі айтылған. Адам Атаның (а.с.) ізін ала жіберілген деген дерек те кездеседі. Ыдырыс пайғамбардың қасиеттері Құранның төрт аятында суреттеледі.

Хазірет Адам атаның періштелерден қандай қасиетімен, ерекшеліктерімен үстем түсетінін білдік. Оның осы үстемдігін паш ету үшін, Алла тағала періштелерге: «Адамға сәжде етіңдер»1, - деп бұйырды.

Алла Тағала айтады:

إِنَّا أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَى قَوْمِهِ أَنْ أَنذِرْ قَوْمَكَ مِنْ قَبْلِ أَنْ يَأْتِيَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ

«Расында Нұхты ғ.с. еліне: «Қауымыңды күйзелтуші азап келуден бұрын қорқыт»,-деп жібердік». («Нух», 1 аят)

Алла Тағала Нұх пайғамбарды ғ.с. халқына жіберген сәтте, адамдар пұттарға табынып күпірлікке түскен кез еді.

Билқис патшайым өзінің әскерлерімен Сүлеймен патшаның құзырына бағынуға жолға шықты. Билқистың ерекше жақсы көретін тағы болатын. Ұзақ сапарға шыққан кезде тағын арнайы сарайға жасырып кететін.