16
Жексенбі, Маусым

һижри

Хижаб – орамал, мұсылман әйелінің ар-намысын қорғайтын жаулығы. Ислам діні мұсылман ер мен әйелдерге әуретін жауып, шариғат әдебі бойынша киінуді бұйырған. Үйден тыс, қоғамдық орындарда ұзын етек-жеңді киім кию – мұсылман әйелдің ары мен абыройын сақтайды. Құран және Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) хадисі мен мұсылман ғұламаларының бірегей пікірі бойынша, мұсылман әйеліне орамал тағу – парыз.  

Құран аудармашысы болған Ибн Аббас айтады: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Қағбаны түйесіне мініп айнлаған еді. Қара тастың тұсына келген сайын қолындағы затпен оған қарай сілтеді және тәкбір айтты»[1], және Айша анаммыздан жеткізген риуаятта: «Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түйеге мініп тауаф жасаған..», [2]деген.

Адам баласы – Алла тағала жаратқан жаратылыстың ішіндегі ең  ұлысы. Олай болса, осы адамзат ұрпағын Хақ Тағала ата-ана дәнекерлігімен көбейткен. Кез келген адам үшін дүниеде ең қымбат жандар – туған ата-анасы.

Қайбір күні телефон соққан бір танысым кейбір замандастары бүлдіршін балаларын мектепке жібермей қойғандығын, ондағы мақсаты мектеп – зайырлы елдің бекіткен мектебі екендігі,  ал «зайырлылық» Исламға жат екендігін сол себепті де мектеп те дінге жат, күпір екендігін айтыпты. Осындай пікірдің Ислам дініне қаншалықты дұрыс немесе бұрыс екендігін айтып берсеңіз деп өтініш білдірді. Ал өз сөзімді айтар болсам, ау ағайын, бұл зайырлылық пен мектеп қашан дінге жат болып еді? Зайырлылық дінге бұғау салу емес, керісінше еркіндік беру, Құдайға құлшылығына еркіндік жасау.

Ислам сенім жүйесінде (ақида) қозғалған «иман және амал» тақырыбы ислам тарихының сонау ерте кезеңінің өзінде орын алып, түрлі топтар мен ағымдардың шығуына, қала берді сол ағымдардың бір-бірін имансыздықпен кіналап, тіпті өзара қантөгіске апарған күрделі мәселелердің бірі. Бұл өз кезегінде иман-амал мен қатар, иман-ислам, иман және үлкен күнә, иманның артып-кемуі, мұсылманды күпірлікпен айыптау секілді мәселелерді тудырды. Сондықтан бұл мәселелер ақида кітаптарында кеңінен талқыланды.

Ислам шариғатында басқа адамға тапсыру арқылы жасалатын құлшылықтарды өкіл(нияба) арқылы атқарылатын ғибадат деп атайды. Өкіл арқылы атқарылатын құлшылықтың түрлеріне мыналар жатады:

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) қажылық парызының жауапкершілігі зор әрі марапатының шексіз екенін өз хадистерінде ескерткен. Адамды анадан жаңа туғандай пәк, таза кейіпке бөлендіретін қажылық нендей құлшылық?!

Қыз бала тәрбиесіне бүкіл қоғам жауапты

12 жасар қыз баласы жүкті болып қалған, сыртқа шықсаң мәдениеттің төмен екенін байқайсың ал, интернетте тіпті адам ұялатын видеолар қаптап жүр. Осындай жағдайда біздің күшіміз бір болып қарсы тұруымыз қажет!