Университетте тәлім алып жүргенімізде Мысырдан келген доктор Ато Сынбати деген ұстаз дәріс беретін. Ол кісі сабақты қызықты етіп, бізге сұрақ қойып, есте қалатындай қылып өткізетін.
Кезекті бір дәрісінде адамның екі ақылы жайлы айтып берген еді:
Адамда екі ақыл болады: бірі әл-ғақлу әл-ғатифи (сезім ақылы), екіншісі әл-ғақлу әт-тахлили (анализ жасайтын ақыл).