Адамдардың барлығы мәзһабсыздыққа бет алса не болмақ?

«Егер адамдарды құрылыс-сәулет саласында сәулетшінің сөзін тыңдамауға, оның кеңесін алмауға шақырсақ; денсаулық саласындағы проблемалар мен оларды шешуде дәрігерлермен кеңеспеуге, сөздерін тыңдамауға шақырсақ; өнеркәсіп саласында осы саланың мамандарының тәжірибесінен, кеңесінен, мағлұматтарынан пайдаланбауға шақырсақ не болар еді?

Шариғатта тыйым салынған ихтилаф қайсысы?

Жоғарыдағы тақырыптардан кейін әлдекімнің былай сұрақ қоюы ықтимал: «Егер кейбір басты мәселелер мен ұсақ мәселелерде айырмашылық болуы табиғи қажеттілік, кеңшілік, қазына болса, онда Құран мен хадистегі қайшылыққа түсуден тыюдың не мағынасы бар?»

Дәжжалдың фитнасынан сақтану жолдары

Дәжжал адамзат тарихында ең үлкен фитна болғандықтан, ол туралы айтпай қалған пайғамбар болмаған. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қауымына Дәжжалды, бір көзі соқыр суайтты ескертпеген бірде-бір пайғамбар жіберілмеген.

Мәзһабпен жүресің бе, әлде сүннетпен бе?

Бұл сұрақ та кейбір бауырларымыз тарапынан қойылып жатады? Екі жауаптың қайсыбірін таңдасаңыз да ерсі естіледі. «Мәзһаб» десең сүннеттен тайғандай боласың, «сүннет» десең мәзһабты сүннеттен бөлек нәрсе еткендей боласың.

Алла тағаланы неге көзбен көре алмаймыз?

Әсілінде, бәріміз Ұлы Жаратушыны көрудеміз. Бірақ көру қабілеті шектеулі жалаң көзімізбен емес, ақыл көзімізбен көрудеміз. Рас. Мысалы, түрлі жемісжидектердің дәмін көзбен көру мүмкін емес, бірақ тілімізде орналасқан дәм тату түйіршіктері арқылы сеземіз, оларды бір-бірінен ажыратамыз.

Мәзһабсыздардың кейбір пікірлері

1. Мәзһаб ұстану қате және бидғат (дінге кейіннен енгізілген іс). Себебі, мәзһаб ұстанбау – нағыз түпнұсқа әрі оңай жол. Алла Тағаланың мақсат еткен нәрсесін дұрыс түсінуге ең жақыны да осы жол. Өйткені Алла Тағала білімсізге «білім иесінен сұра» деп әмір бергенде белгілі біреумен шектемеді. Керісінше жалпылама меңзеді. Оны шектейтін келесі бір шектеу болмайынша жалпылама айтылған нәрсе жалпы күйінде қалады.

Бұл дүние игіліктері Жәннат игіліктеріне жетуге кедергі ме?

Жәннат игіліктері бұл дүние мен оған қатыстылардан бас тартуды талап етпейді.

«Тағдырдың жақсылығы мен жамандығының екеуі де Алладан»

Әһлі сүннет ғалымдары (Алла жар болсын) былай дейді: «Жаратылғандардың істері, жай-күйі, сөздерінің бәрі де Алланың тағдыры мен жазуына сай жүзеге асады». Мұғтазилиттер: «Күнәлар Алланың жазуымен болмайды», деген. Бұлар Алланың қалауы мәселесінде де осындай ұстанымда. Бұл мәселенің негізі пенденің іс-әрекетінің жаратылуына барып тіреледі.

Жәннатқа бірінші болып кіретіндер

Жәннатқа бірінші болып кіретін пенде – пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.). Әрі оған кіретін үмбеттердің ішінде Жәннат қақпаларынан ең әуелгі енетіндер де оның (с.а.с.) үмбеті. Ал бұл үмбеттің ішінде Жәннат табалдырығынан алғашқы болып аттайтын кісі – Әбу Бәкір Сыддық (Алла оған разы болсын).