Дұха намазының уақыты күн көтерілгеннен кейін басталып, бесін намазына аз уақыт қалғанда аяқталады. Ғалымдар оны нақтырақ есептеп, күн шыққаннан кейін 15 минуттан кейін басталып, бесін намазына 10 минут қалғанда аяқталады деп белгілеген.
Адамның фантазиясы жетпейтін рахат
Алланың разылығын көздеу – ең таза кіршіксіз сезім. Өйткені, онда Жаратушыны тану, іштей жақсы көру, терең шүкіршілік сезімдері басым тұрады. Адамзат таңдаулылары пайғамбарлардың бәрі де өмірде Алланы разы етуді мақсат еткен. Оны ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дұғаларынан да байқаймыз.
Жұма намазында сіз білуге міндетті болған амал
иманЖұма күні – күндердің ең абзалы әрі мұсылмандардың мейрамы болып есептелінеді. Сонымен қатар бұл күні жұма намазы оқылады. Егер мұсылман бұл күнді және жұма намазды қадірлеп, әдептерін ұстанса Алла оның сауабын арттырып, күнәларын кешіреді.
Шүкір ету – пенденің Алла тағала алдындағы міндеті
Аса Рақымды Мейрімді Алланың атымен бастаймын.
Шүкір ету – пенденің Алла тағала алдындағы ең үлкен міндеті.
Алланың сүйікті құлы болу үшін не істеу керек?
Бірде Алла елшісі (с.ғ.с.): - Күдіксіз, адамдар арасында Алланың ең сүйікті құлдары бар, - дейді.
Өзіннің кім екеніңді білгің келсе...
«Ниетім түзу, жүрегім ақ, біреудің ала жібін аттаған емеспін» дейтін көпшілік қатары көп.
«Алланың құлағына шалынсын» деп айтуымыз дұрыс па?
Жиын, тойларда тілек білдірудің соңында «Алланың құлағына шалынсын» деп айтып жатамыз. Осылай айтуымыз қаншалықты дұрыс? Аузымыздан тастамайтынымыз сондай, қонақта отырып, тойларда тұрып тілек айтқанымызда «осы тілегімізді «Алла қабыл алсын, Құдайдың құлағына шалынсын, Құдайдың құлағы бір күн ашық, бір күн жабық» дейміз.
Адамды шынайы мұсылман ететін қандай қасиет?
«Шынында, тақуаларға табыс, Жұмақ бақтары мен жүзімдіктер бар» («Наба» сүресі, 31-32 аят).
«Жыныма тиме», «жыным келіп тұр» деп айтуымыздың сыры
Әр адамның бойында бір бекітілген жыны болады. Оны «Қарин» деп атайды. «Қарин» - жолдас, жақын, ілескен, қабаттасқан, сыбайлас деген мағыналарға саяды. Құранда : «Оның сыбайласы (шайтан) былай дейді: "Раббым! Оны, мен аздырмадым. Өзі де ұзақ адасуда еді" – деген аят бар. Осы аятта шайтанға «қарин» сөзі қолданған.
Алланың қамқорлығында болғыңыз келсе...
Әбу Һурайра ﴾р.а.﴿ жеткізген хадисінде: «Жеті түрлі адамға Алла тағала ешбір сая жоқ күні аршының көлеңкесінен жай береді, Олар: әділ имам (басшы); Аллаға бойұсынып, ғұмырын құлшылықпен өткізген жас жігіт; мешітке жүрегі байланған кісі; бірін-бірі Алла жолында жақсы көріп, Алла разылығы үшін бас қосып, Алла разылығы үшін мәжілістерінен айырылатын екі адам; мансапты да көрікті әйел шақырғанда: «мен Алладан қорқамын» деп харамнан қашқан ер кісі; Оң қолы бергенін сол қолы білмейтіндей жасырын садақа еткен кісі; жалғыз қалғанда Алла тағаланы еске алып, егіліп көзіне жас алған адам», – деп баян етілген.
Өміріміздің барлығын құлшылықпен өткізуіміз мүмкін бе?
Егер сізге біреу ұзақ жыл бойы үзбей жақсылық жасап, барлық қажетіңізді өтеп тұрса, сізді бір сәтке де жалғыз қалдырмай, үнемі жаныңыздан табылса, не істер едіңіз? Оны да риза ететін бір нәрсені жасағыңыз келер еді, солай ма?