Мүміннің бұл дүниедегі басты мақсаттарының бірі – кәміл иманға қол жеткізу. Иман – сенім, ақиқатты ұғыну, Алла Тағаланы танып-білу. Бұл Алладан қорқу, Оған деген сүйіспеншілік, Оған берілгендік және Оған деген мұқтаждық.
Дәрет алушыға Жәннатың сегіз қақпасы ашылады
Жаратушы жомарттық пен мейірбандық танытып, Өзінің ең ұлы сыйына жеткізетін оңай жолдарды көрсетіп берді. Соның бірі – дәрет алу.
Алланы тануға ұмтылғандар – бақытты
Өмірдегі адамдық борышымыздың бірі – өзімізді жоқтан бар етіп жаратып, рызық-несібелі еткен Алланы тану, Оның бұйырғанын орындап, тыйғандарынан алыс болу. Тілін кәлимаға келтірген кез келген иманды жан «Алла бір, пайғамбар хақ, Құран шын» деген қағидамен өмір сүреді.
Иман мен амал арасындағы айырмашылық
Ислам мәзхабтары арасында иман мен амалды бір ұғым ретінде, керісінше екеуінің екі басқа ұғым ретінде түсінілуі жайлы пікірталас бар. Муғтазила, Харижит, Зәйдия мәзхабтары мен кейбір ғалымдар амалды иманның ажырамас бөлігі ретінде қабылдап, жоғарыда айтып өткеніміздей амалды тәрк еткен кісіні мұсылман ретінде санамайтын да жағдайға барды.
Алланың көмегіне ие болу үшін Оған адал болыңыз!
Жер бетінде байлықты сүймейтін адам жоқ шығар. Кім де болсын барын салып, бай болуға ұмтылады. Кейбіреулері қолын қусырып, табысты бола алмайтындықтарын мойындайды.
Білімсіз адамның бір сипаты қандай?
Білімсіз адамның да бір сипаты – бос сөзге құмарту. Біреудің кемшілігін айту, мінін жаю ешкімге опа бермейді.
Жүйелі (рауатиб) сүннет намаздар
Мүәккад (бекітілген) сүннеттер:
Өзіңді есепке алудың 5 пайдасы
Ақыретте «өзіңді есепке алудың» жеміс берері хақ. Мұның пайдасы өте көп.
Жақсы мінез – діннің бөлігі
Аса Рақымды Мейрімді Алланның атымен бастаймын. Елшілік нұрын таратқан, ақиқат жолына бастаған көркем мінезімен адамзатқа үлгі болған Алланың құлы, сүйікті пайғамбары, қош хабар беретін және ақырет азабын ескертетін Мұхаммед Мұстафаға сәлем мен салауаттар болғай!
Қандай жағдай болса да «Аллаға мадақ!»
Ертеде ауыл-аймаққа сыйлы қарияның екі қызы болыпты. Қыздары бой жетіп, тұрмыс құратын уақыттары жеткенде, бірін диханшыға, екіншісін қыш шеберіне ұзатады. Арада біраз уақыт өткенде әлгі кісі қыздарын сағынып, көріп қайтуға жолға шығады. Бірінші болып үлкен қызының үйіне келеді. Қызы әкесін қуана қарсы алады. Қария жайғасып отырып хал-ахуалдарын сұрайды. Қызы: «Күйеу балаңыз бір жерді жалға алды. Қарызға дәнді- дақыл алып, сол жерге сепкен еді. Егер жаңбыр мол жауса, үлкен жақсылық болайын деп тұр. Ал жаумай қалса, құр алақан қалып, қарызға батамыз», -дейді. Әкесі біраз отырып, қызымен қош айтысады да, кенже қызына қарай аттанады.
Біршама жолды артқа тастап, екінші қызының есігін келіп қағады. Бұл қызы да әкесінің келгеніне қатты қуанып, үлкен қошеметпен күтіп алады. Әкесі әңгімелесе отырып күйеу баласының не істеп жүргенін сұрайды. Қызы: «Ол қарызға ақша алып, үлкен көлемде топырақ түсірген. Сосын оны қышқа айналдырып, кебу үшін күнге жайып тастады. Егер жаңбыр жаумай тұрса, үлкен жақсылық болайын деп тұр. Ал күн жауып кетсе, қыш еріп кетеді де, құр алақан қалып, қарызға батамыз», - дейді. Қария екінші қызымен де қош айтысып, үйіне қайтады. Алдынан шығып, қыздарының жағдайын сұраған кемпіріне: «Егер жаңбыр жауса - Аллаға мақтау айт! Ал жаумай жатса – тағы да Аллаға мақтау айт!» - деген екен.
Демек, әр нәрсенің қайыры бар. Басымызға не келсе де, қандай жағдай болса да – Аллаға мадақ!
ummet.kz
Намаздың ішкі және сыртқы парыздары
Намаздың парыздары – он екі. Бұлардың алтауы – сыртында, алтауы – ішінде.