16
Жексенбі,
Ақпан

һижри

Иман – ағаш, оның тамыры – уәдеде тұру

Иман ағаш іспетті, ал оның тамыры – уәдеде тұру. Тамырынан айырылған ағаш тіршілігін тоқтатып, қурайтыны сияқты уәдесінде тұрмаған адамның иманы да нір алатын негізінен айырылады. Өйткені, иман уәдедед тұруды талап етеді.

Мұсылман үшін асыл қасиет, пайғамбарымыз (с.а.у) көркем мінезінен болған, имандылықтықтың нышаны уәдеге берік болу, қазіргі замандағы адамдардың бойынан табылуы қиын асыл қасиеттердің бірі. Уәденің жоғалуынан адамдардың сөзіне, амалына күмәнмен қарап, істің орындалатынына толық сенім арта алмағандықтан альтернативті шешімді қарастыратын заманға жеттік.

Біріншіден, біз өзімізге берген уәдені орындамаймыз. Қанша мәрте  өмірімізді жаңа сарынға өзгертеміз деп уәде бердік?! Рухани, материалдық тұрғыда дамимын деп неше мәрте мақсат қойдық?! Бірақ өмірдің біраз белесін ассақ та өзімізге де өзге де пайда келтіріп жатқанымыз шамалы!

Екіншіден, қоғамның алдында берген талай уәделеріміз орындалмай адамдардың алдында талай абыройымыз төгілді. Ақыры қоғамның сенімінен шыққанымызды байқамай қалдық.

Үшіншіден, жанұямыздың алдында да уәдемізде тұрмаған кездеріміз аз емес. Ата-анамыздың алдында уәде бергіш ұл, бала-шаға, жұбайымыздың алдында уәдесін орындамайтын әке атанып кеткенімізді сезбедік.

Ең маңыздысы Раббымыздың алдында берген уәделеріміздің орындалмауы нағыз опасыздықтың белгісі. Неше рет намаз бастаймын деп уәде беріп, Алланың сансыз нығметтерін сезе тұра әлі күнге дейін сол үлкен уәдемізді орындай алмай жүрміз. Алла тағала өзінің құлдарынан уәдеде тұруды қатаң түрде ескертеді. Алла тағала Құран кәрімде: «Сертке берік болыңдар! Өйткені берілген серттің сұрауы бар»

Құрметті Жәннәт иегерлерінің де асыл сипаттарының бірі – бұл өмірде сертте тұру болған. Алла тағала Құран кәрімде: «Сондай-ақ олар (яғни намазды үзбей оқитын шынайы мүміндер) қолдарындағы аманаттарына асқан жауапкершілікпен қарайды һәм берген уәделерін толық орындайды»

Алла тағала өзінің сүйікті тақуа құлдарын сипаттаған кезде олардың серттеріне берік екендіктерін атап өткен. Алла тағала Құран кәрімде: «Уәделескенде уәдесінде тұратын, сондай-ақ таршылық көргенде, дертке шалдыққанда әрі соғыс жағдайында (шариғат жүктеген міндеттерді мейлінше толық орындауға тырысып) сабырлық һәм табандылық танытқан жандардың ісі міне солар шыншылдар әрі солар тақуалар”

Уәдеде тұру ол барлық пайғамбарлардың асыл қасиеттерінен болып табылады. Алла тағала Исмайыл пайғамбар жайында: «Сонымен қатар, бұл кітапта Исмайыл жайлы да сөз қозға. Шүбәсіз ол уәдеге берік жан еді. Елші әрі хақ пайғамбар еді».

Пайғамбарымыздың (с.а.у) мүбәрак хадисінде: ««Маған алты нәрсеге кепілдік берсеңдер, мен сендердің жәннатқа кіретіндеріңе кепілдік беремін: Сөздеріңе берік болыңдар, уәделеріңде тұрыңдар, аманатты қайтарыңдар, ұятты жерлеріңді сақтаңдар, көздеріңді төмен салыңдар, қолдарыңа ие болыңдар»[6], деді.

Уәдеде тұрмайтын адамдарды пайғамбарымыз екі жүзділер санатына кіргізген. Пайғамбарымыз (с.а.у) хадисінде: «Мұнафиқтың белгісі үшеу, егер сөйлесе өтірік айтады, уәдесін орындамайды, аманат қылынса, қиянат жасайды», - деген.

Яғни, кез-келген жағдайда берілген уәдені орындау мұсылмандық міндеттердің ең абзалы.

ummet.kz

1 минутта жасалатын 9 жақсы амал

Адамзат баласы өзінің қашан бақилық болатынын білмейді, сол себепті қымбат уақытымыздың бір минутын да құлшылықсыз өткізбеуге әрі Алланың жомарт сыйынан құр алақан қалып қалмауға тырысайық.

Алла Тағала қандай амалдармен дәрежеңізді көтереді?

Адамның адамнан дәреже тұрғысынан озуы дегеніміз ‒ биік мансап, дүниенің көптігі, тегімен мақтану, дандайсу емес. Сондай-ақ, дәреже  ‒ билік не патшалық та емес. Абай бабамыз: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерменен озады», ‒ деген.

Жеңілістер мен сәтсіздіктерге кім кінәлі?

Жеңісі мен жеңілісі, қайғысы мен қуанышы қатар жүретін бұл өмірде біз, адам баласы сәтсіздіктердің себебін өзімізден іздемей, өзгелерге кінә артуға шебер жаратылыспыз. Жеңілуден, жеңілісті мойындау қашанда қиын.

Құлшылық Алла Тағалаға емес, өзімізге қажет

Ешқандай қайтарымын күтпестен шынайы жақсылық істеу – адамдыққа лайық ең асыл қасиет. Алайда, бұны түсіне бермейтіндер халдерінше жорамал жасап, ақиқаттан алыс тұжырымдар шығарып жатады.

Иманның сахих (қабыл) болу шарттары

Екі дүниенің де бақыты – иманнан. Бірақ та осы иманымыздың Алланың назарында қабыл болуы және болмауы біздің ниетімізге байланысты. Сонымен қатар иманның қабыл болуы үшін кейбір жайттарға баса назар аударған жөн.

  Имандылықтың денсаулыққа әсері

Тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу денгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің маңызы көрсеткіштерінің бірі. Тазалықтың адам өміріндегі орны мен мәні жоғары болғандықтан, оны әспеттеу әрі соған ұмтылу әрбір мұсылманның міндеті.