11
Жұма,
Шілде

һижри

Құдай таза жаратты, сен таза бол

Ислам – тазалыққа, пәктікке, адалдыққа шақыратындін. Қасиетті Құран кәрімде «Сөзсіз, Алла тәубеге келгендер мен тазаланғандарды жақсы көреді» делінген («Бақара» сүресі, 222-аят).

Егер Құран адамның терісі болғанда, ол ешқандай отқа жанбас еді

Қиямет күні Құранды оқып, жаттап, әрі соған сай амал еткен адамға: «Оқы және жоғарыла, дүниеде қалай оқыған болсаң, дәл солай оқы. Расында, сенің орның –  ең ақырғы оқылатын аятта», - делінеді екен. (Әбу Дәуд, Ахмад)

Мұсылман бауырының мұқтаждығын қамтамасыз ету

Адам баласы қоғам ретінде өмір сүруге бейім жаратылғандықтан бір-біріне мұқтаж. Осындай мұқтаждық адамдардың бір-біріне жәрдемдесуін, бір-бірінің кем-кетігін толтыра отырып, үйлесім негізінде өмір сүруін талап етеді.

Неге менің басымнан бақытсыздық кетпей қойды?

Бақыт немесе бақытсыздық сияқты ұғымдарға түрлі анықтама беруге болады. Ертедегі ғалымдар мұндай мәселелерге қатысты көптеген және алуан түрлі пікір айтқан. Бірақ, біз бұл сұраққа қысқаша діни тұрғыдан жауап береміз.

Тез ашуланатын адамға не айтамыз?

Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Ашу – шайтаннан», – деген. Яғни ашуға ерік берген адамның Ібілістің тұзағына түсетінін айтқан және  хадистерінде адамның  бойын кернеген ашуын жеңе білудің жолдарын да көрсеткен.

«Намаз оқуға ерінемін, таң намазына тұру қиын»

Намаз уақытты еш ысырап етпейді. Керісінше намаз күнделікті қым–қуыт тіршілік, алыс–беріс, барыс–келіс, оқу, жұмыс секілді мазасыздықтан адамды азат етеді.

«Намаз оқиын десем ата-анам қарсы»

Асыл дініміз ата-ананың хақысына аса жоғары құрметпен қарайды. Тіпті, Алла Тағала олардың хақысын Өзінің хақысынан кейінгі орынға шығарған.

Қабір азабынан қорғайтын сүре

Құранда 67 деген реттік санмен орналасқан «Мүлк» деген сүре бар. Меккеде түскен. Оның басқа да атаулары бар, мысалы Мунжия – «құтқарушы», Мани'а – «тыйым салушы» және т.б. Бір хадисте «Мүлк» сүресіндегі әрбір әріп үшін жерге бір періште түсіп, сол сүрені оқыған адам үшін кешірім сұрайтыны айтылған.