Бүкіл жаратылыс - шексіз құдірет иесі бір Алла тағаланы танытып тұрған дәлел. Жаратылысты та- нуда ақыл, ой-сана негізгі өлшем болып табылады. Құран кәрімнің көп жерінде «Ойланбайсыңдар ма?» деп ойлануға бұйырса, бір хадисте: «Әркімнің діні – оның түсінігі. Ақылы жоқтың діні де жоқ»[1] деп, әрбір нәрсенің бір Жаратушысы, мәніне келтірген бір Ұстасы бар екенін ақыл таразысынан өткізуге шақырады. Дана халқымыз да «Ақылды адам ақымақтан да бір нәрсе үйренеді» деген.
Иман
1.Иман сөзіне түсінік
Иман сөзі–араб тіліндегі «ә-мә-нә» етістігінен шығып «ифъал» бабында қолданылған масдар (етістіктен құрылған есімдік) болып саналады. Ал жалпы «иман» ұғымы–бір адамның сөйлеген сөзін қуаттау, айтқанын қабыл ету, шын көңілімен қуаттау, айтқанын қабыл ету, шын көңілімен қабылдау, күмәнғк жол берместен нақты, жүрекпен, шын ықыласпен сену деген мағыналарды береді. Иман еткен кісі «мүмин», иман етілген нәрселерге де «мүминун биһ» дейді.
Иман келтіру
Біз қазақ халқы, қазақ болуымыздан бұрын мұсылман болған халықпыз. Олай деуіміздің себебі, Қазақ хандығы құрылмай тұрып осынау байтақ даламызда өмір сүрген барша халық ислам дінінің ұстанушылары болған. Сол себепті де қазақ халқының салт-дәстүрлері ислам дінімен біте қайнасып кеткен десек артық айтқан болмаймыз.