Істі Аллаға тапсыру, Оған тәуекел ету, уәдесіне сену, бергеніне ризашылық таныту, Ол туралы жақсы ойда болып, көмегін күту – иманның жемістерінің бірі және нағыз мұсылмандық сипат. Істің соңы жақсы болатынына сенген мұсылман әр ісінде Раббына арқа сүйеп, әрдайым көмегіне, қамқорлығына, қолдауына ие болып отырады.
Жаттау қабілетін күшейтетін нәрселер
Жаттау қабілетін күшейтетін ең басты нәрселер: ыждаһат, ұдайылық, тамақты аз жеу, түнгі намаз және Құран оқу. «Құранды қарап отырып оқудан артық жаттау қабілетін күшейтетін нәрсе жоқ» дейді.
Иманның шынайы мәні қандай?
Хадис ғұламалары (барлығына Алланың рақымы жаусын): «Иман – тілмен айту, жүрекпен сену және денемен жасалатын амал-құлшылықтан тұрады», деген.
Не үшін ұйқыны кіші өлімге теңейміз?
Кіші қаза бар, онда рух тәннен басқаша көріністе ажырайды. Яғни, рух тәннен шыққанмен, түбегейлі ажырап кетпей, жеңіл байланыста болады. Бұл жағдайда тән ояу кезіндегідей сезім, қалауға ие болмағанымен, тірі болады.
Иманды жанға сүйінші: Жәннатта мұсылман қалағанын алады
Ақырет – құдірет мекені болғандықтан, біздің шектеулі әлемімізбен салыстыра алмаймыз. Бұлөміріміздегі қағидаларымен өлшеп, бір нәтижеге жету мүмкін емес.
Халифалардың Алладан қорқуы
Әбу Бәкірдің Алла алдындағы жауапкершілікті сезінуі
Алла тағала берген несібеге разы болу хақында
Алланың бергеніне, мейлі ол денсаулық, байлық, қабілет болсын, разы болу – Құранның өсиеті. «Саған, бергендерімді ал да, шүкірлік етушілерден бол» дейді қасиетті аятта.
Жеке құлшылықтың берекеті қандай?
Құлшылық – Жаратушы иемізге шүкіршілікті, адал мойынсұнушылығымызды, Оған деген сүйіспеншілігімізді көрсететін іс-әрекет. Намаз, ораза, зекет, қажылық секілді құлшылық іс-амалдардың жеке адамнан бастап қоғамдық пайдалары шаш етектен. Олардың пайдалары өз алдына, ал негізгі мақсаты Алланың разылығына бөлену. Раббыңның разылығы – адам баласының қол жеткізетін ең жоғарғы мәртебесі.
Жалқаулықты қалай жеңуге болады?
Жалқаулық пен еріншектік – жақсылық атаулыдан мақұрым қалдыратын бірден-бір себеп. Жалқаулығы басым адамның рухы сынғыш келеді. Сондықтан да ол көп нәрсеге қол сілтей салуға құмар.
Адам несібесін тауыспай, өмірден өтпейді
Жоқты бар етуші, он сегіз мың ғаламның Жаратушысы, күллі әлемнің Раббы Алла тағала жер астындағы шылаушанның, судағы балықтың, аспанда қалықтаған құстың, жер бетінде жыбырлаған құмырсқа мен жер бауырлаған жыланның ризығын кешіктірмей беріп, бұл дүниедегі игіліктің бәрін мінсіз жаратып, бір тиын ақы сұрамай-ақ адам баласына тегін тарту етті.
Истинжа және истибра деген не?
Зәр төккенде және ішті босатқаннан кейін тазалануды истинжа, тазалану барысында тас, кесек пайдалануды истижмар, дәрет сындырған соң бір ауық күтіп несеп жолында зәр қалмауын қадағалауды истибра дейді.