22
Жұма,
Қараша

һижри

Жүрегіңді мына үш жағдайда тексер

Жүрегіңді мына үш жағдайда тексер

Иман келтіру

Жүрек – имандылық пен күпірліктің мекені. Жүрек – басқарушы орталық. Адамның сезімдері мен дене мүшелері осы орталыққа бағынады, орталықтан алған бұйрық бойынша әрекет етеді.

Егер жүрекке иман ұяласа, адамның бойында имандылық, көркем мінез-құлық көрініс табады. Ал жүректі күпірлік мекен етсе, адамның бойында имансыздық пен жаман қасиеттер пайда болады. Яғни, жүрек – жақсылық пен жамандықтың қайнар бұлағы. Сахаба Әбу Һұрайра (Алла оған разы болсын) былай дейді: «Жүрек – патша. Ағзалар оның әскері. Егер патша жақсы болса, әскері де жақсы болады. Ал егер патша нашар болса, әскері де нашар болады» (Байхақи, Шуьабул-иман).

Құран Кәрімде жүрек жайлы 132 жерде айтылады екен. Бұл жүректің маңыздылығын айрықша аңғартса керек. Сондай-ақ, Алла Тағала адам баласының иманды немесе имансыз, екі жүзді немесе күнәһар болуының басты себебінің адам баласының жүрегінде жатқандығына назар аудартады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Назар аударыңдар! Адам денесінде бір бөлік ет бар. Егер ол түзу болса, бүкіл дене дұрыс болады. Ал егер ол бұзылса, бүкіл дене бұзылады» (Бұхари, Иман) деп ескертуі де адам баласы үшін жүректің өте маңызды екендігін аңғартады.

Абдулла ибн Масғұд (Алла оған разы болсын):  «Жүрегіңді үш жағдайда тексер. Олар:

1. Құран тыңдағанда;

2. Алла Тағалаға зікір етілгенде;

3. Жалғыз қалған уақытыңда.

Осы үш жағдайда жүрегіңде ләззат болмаса, онда Алла Тағаладан өзге жүрек сұра. Себебі, сенде таза жүректің жоқ болғаны», - деген.

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: