10
Бейсенбі,
Қазан

һижри

Тәрбиесі қиындау адамдардың төрт түрі

Тәрбиесі қиындау адамдардың төрт түрі

Иман келтіру

Адам бір амалды жақсы санап, оны жие орындауының арқасында оның бойында соған сәйкес мінез қалыптаса бастайды. Осыған орай адамдар төрт топқа бөлінеді:

1. Мұңсыз адамдар. Олар шындық пен өтірікті, сұлулық пен ұсқынсыздықты ажырата алмайды. Себебі, олар жаратылысынан барлық сенімнен мақұрым. Оларда тұрақтылық жоқ яғни бір ләззатты қойып, одан да жақсысына ұмтыла береді. Ойына алған бір істі тиянақты орындай алмайды.

Алайда, бұл топтағы адамдар тәрбиені жылдам қабылдайды, бірақ бір ізгі тәрбиешіге мұқтаж. Жүрегін оятып, оны жігерлендіретін бір хикмет қажет. Сол кезде ғана ол көркем мінезді адамға айналады.

2. Надан және адасқан адамдар. Бұлар жақсы-жаманды біледі, бірақ ізгі амал жасауға әдеттенбеген. Өздерінің жасап жатқан жаман амалдары жақсы болып көрінеді. Олар дүние қалауына құл болғандықтан, жүздерін түзу жолдан бұрғандырымен амалдағы кемшіліктерін біледі. Бұл топтағы адамдардың тәрбиесі қиындау болуы себепті, оларға бірнеше міндеттемелер жүктеледі. Әуелі олар бұзықтыққа әдеттенгендіктен, өздерінде мықтап орналасқан кемшіліктерін нәпсіден суырып алулары қажет. Мұнан соң ізгілікке үндейтін сипатты жүрекке орналастырады. Қатты күш салынып, еңбек қылса, тәрбие жаттығуы үшін адамдардың бұл тобы үлкен майдан саналмақ.

3. Надан, адасқан әрі пасық адамар. Бұл топтағы адам жаман ахлақты, жақсы ахлақ деп біледі. Оның пікірінше, бұл мінез ең көркем әрі дұрыс. Сондықтан бұл топқа жататын адамды тәрбиелеу өте машақатты іс. Мұнда адасушылық мүмкіндігі бірнеше есе көп болғандықтан, бұлардың арасынан көркем мінез жолына қайтатындары кемде-кем.

4. Надан, адасқан, пасық әрі жаман адамдар. Бұған жататын адамдар пасықтық пен бұзықтық тәрбиесімен өседі. Олар жамандықты тарқатуды жақсылық деп сенеді және соны мақтан тұтады. «Мұндай әрекет менің құрметімді арттырады» деп ойлайды. Бұлардың ахуалы өте ауыр. Олар жайында халық арасында: «Кәріні тәрбиелеу – зорығумен тең» немесе «Қасқырды тәрбиелеу, оны азаптағанмен тең» деген сөздер бар.

Сондай-ақ адамның жаратылысы хақында: «Адам баласы тірі тұрғанда құмарлық, ашу, дүниесүйгіштік сияқты т.б. мінезден арылмайды» деген пікірді айтатыны да жоқ емес. Алайда бұл пікір қате. Өйткені бұлар біздер жоғарыда айтқан мінездерді нәпсіден түп-тамырымен алып тасау қажет деп түсінеді! Негізінде олай емес, яғни құмарлық – табиғи қажеттілік. Бұл қасиет белгілі бір пайда үшін жаратылған. Егер ол толықтай сөніп қалса, онда адам бір пәлекетке душар болары анық. Сол сияқты, егер ашу қүші толықтай жоқ болса, адам өзінің өліміне себеп болатын нәрселерге қарсы күресе алмай, нәтижеде олар адамды жоқ қылады.

материал «Жан тәрбиесі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: