24
Бейсенбі,
Маусым

һижри

Тыйым салынған үлкен күнә істеудің үкімі

Аят пен хадис арқылы қатаң түрде тыйым салынған амалдардың үкімі «үлкен күнәлар» (кәбаир) деп аталады. Сонымен қатар кейбір амалдарға тікелей қатаң түрде тыйым салынбағанмен, олардың да үлкен күнәға жататынын білдіретін аяттар мен хадистер кездеседі.

Қиямет-қайым және оның уақыты

О дүниелік өмір қарсаңында бұл дүниедегі тіршілік атаулы бүтіндей тоқтайды. Мұны яғни, тіршіліктің тоқтау мерзімін «қиямет қайым» дейді. Қиямет қайымның болатындығын жер бетіндегі күллі діндер қабыл етеді.

Қиямет күнінде болатын 5 керемет

Сіз ылғи да Қиямет күнінің орнауы, қабірден қайта тірілу қорқынышы, амалдардың есепке тартылуы, жан шошытарлық ауыр тағдырлар болатыны жайлы естіген шығарсыз. Немесе оқыдыңыз. Ендеше, сізге сүйінші, Қиямет күнінде болатын мына бес кереметті жадыңызға сақтаңыз:

Ақырет амалдарының өлшемі қандай?

Ақырет күніне сену адамның жауапкершілік сезімін арттырады. Жауапкершілікті сезінген адам іс-әрекеттеріне көңіл аударып мұқият болады.

Сауап пен жаза мәселесі

Он сегіз мың ғаламның жаратушысы Ұлы Алла – шексіз әділет иесі. Сол себепті, Алла Тағала мұсылман мен кәпірді, жақсы мен жаманды тең тұтпайды. Әркімнің жасаған іс-әрекетіне қарай сый немесе жазасын береді. Адамдардың өздері ойлап тапқан ең қарапайым жүйенің өзінде де «сый» және «жаза» деген ұғымдар бар, әрі бұл ұғымдар күнделікті өмір тынысында қолданылатын жайт.

Жын-шайтандар әлемі

Жындар әлемі адамзат баласы үшін қызықты да жасырын бір тылсым әлем. Жындардың болмысы олардың жаратылу ерекешеліктері, тіршілік етуі туралы біраз ақпарат белгілі.

Алланың пенделеріндегі хақысы

Адамзаттың жаратылуының негізгі мақсаты – құлшылықты тек Аллаға ғана арнап, алладан өзгеге сыйынудан бас тарту. Себебі, Алла тағала қасиетті Құранның «Зәрият» сүресінің 56-аятында: «жын мен адамзатты өзіме құлшылық ету үшін ғана жараттым», - деп, біздің жаратылудағы ең негізгі мақсатымызды айқындап берген.

Алла Тағаланы жаратылыстарға ұқсатпау

Алла Тағаланың жалғыз, даралығы мен құдайлығы нақтыланғандықтан, Оған ұқсас, серіктес тәңірлердің жоқ екендігін айтуымыз қажет. Бұл жерде, Бір болуы – сандық тұрғыдағы бірлік емес, себебі, сан тізімінде орын алған әрбір бірдің жартысы немесе басқа бөлшектері бар. Өйткені, серіктес, бәсекелес тәңірдің бар екендігін мойындауда оның құдайлығын, ал ұқсасының бар екенін алға тартуда Оның Бір екендігін жоққа шығару бар.

Адам – ақырет жолаушысы

Өмірді танығысы келген бір жас жігіт дүниені аралап, саяхаттап жүрген елдерінің бірінде мәшһүр бір ғалымның үйіне қонаққа барады.  Саяхатшы ғалымның тұрған үйінің дуалдарының кітаптарға толы екендігін көреді. Қатты таң қалады әрине. Бірақ мұның мәнісіне бара алмайды. Үйде жерге төсеулі бір кілем, дуалдың түбінде бір төсек, ортада тұрған бір столмен орындықтан басқа ешнәрсе болмайды.

Жаманшылықтың уақытша болатындығы

Теңіз жағасында жүргенде шағалалардың су үстіндегі билерін немесе кішкентай ғана құстың ағаштың жіңішке бұтағында сайрағанын көрген кезде үлкен рахат сезінеміз. Сосын біраздан кейін досымыздан естіген ауыр хабар жүрегімізді сыздатады. Жүрегіміз бен көңілімізде алдында сезінген рахаттан ешбір із қалмайды. Бірақ, біраздан кейін көзіміз бен құлағымыз қайтадан рахат беретін көріністер мен дауыстарға түседі. Бұл өмір қайқаң-еніс осылай жалғаса береді.

Тақуалық – ихсанның кемелдігі

Тақуалық сөзі «аз сөйлеу», «сақтау», «қорғау», «әдепсіз әдеттерден, зиянды нәрселерден аулақ болу» деген мағынаны білдіреді.