10
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бала тәрбиесі: Байыптылық пен жұмсақтық

Бала тәрбиесі: Байыптылық пен жұмсақтық

Исламдағы отбасы
Жарнама

Ислам дінінде баланы әдепті, көргенді етіп тәрбиелеу – ата-ананың ең негізгі міндеттерінің бірі. Ата-ана баланы жөнге салуда байыптылықты ұстанып жеңілден қиынға, жұмсақтықтан қаттылыққа, кешірімділіктен қаталдыққа қарай тәсіл қолдануы қажет. Мұсылман тәрбиешілер тәрбие жұмысымен айналысатындарға әуелі тыйым салынған жағымсыз істерді атап көрсету, сосын жұмсақ сөз, тәтті тілмен оларға насихат айту, одан кейін барып Алла тағаланың азабымен қорқыту керектігін айтқан.

Тәрбиеде жұмсақтық пен жылылықты негізге алу керек. Әнәс Пайғамбарымыздың басты ерекшелігінің баршаға танытқандай «Әсіресе жанұясына (әйел-балашағасына) тым мейірімді» болғандығын айтады. Сонымен қатар «Алла тағала тым жұмсақ, кез келген істе жұмсақтық танытуды жақсы көреді» деген хадис те осы ұстанымға шақырады. Хазірет Әнәс Алла елшісінің жұмсақтығы жайлы: «Хазірет Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 10 жыл қызмет еттім. Орындамаған ісім үшін «Неге орындамадың?», орынсыз істерім үшін «Неге олай істедің?» деп қабақ шытқан емес. Ешқашан ауыр сөз айтып, айыптаған емес» – дейді. Пайғамбарымыздың құзырына келіп, тәрбиесіздік танытып зина жасауға рұқсат сұраған жас жігіттің өзін бірден беттен алмай, ол қылықтың жиіркеніштілігін байыппен түсіндіріп, артынша ол жас жігітке дұға еткеннен кейін әлгі жігіттің қалған өмірінде ардан аттамай өткендігін әңгімелейтін хадис те осыған мысал бола алады.

Ардақты елші балалары бар ата-аналарға: «Балаларыңа ізгілік жолында болуға жәрдем етіңдер, қалаған (болашағын ойлаған) адам оларды атаанасына қарсы шығудан (дұрыс тәрбие беру арқылы) қорғасын!» деп кеңес берген. Мунауи бұл хадисті «Балаларға жақсы қарап, оларды қинамай, бәріне теңдей қарап ата-анасының алдындағы міндеттерін дұрыс орындаулары үшін көмектесіңдер. Оларға мейіріммен, қайырымдылықпен қарап, ата-анасына қарсы шығудан сақтандырыңдар. Балаларға осылай қарау оларды мойынсұнушылыққа, тәртіптілікке үйретіп, қарсы шығып, бағынбауларының алдын алады» деп түсіндіреді.

материал «Исламдағы бала тәрбиесі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: