21
Вт,
мая

һижри

Республикалық күрес турниріне іріктеу сайысы өтеді

Мешіт тынысы

27 мамыр күні ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін мешіт жамағаты арасында қазақша күрестен ІІІ Республикалық турнир өтеді. Әуесқой палуандар арасында өтетін дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірлерінен үміткерлер қатысатын болады.

Осыған орай, 7 мамырда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кешенінде (Ықылас Дүкенұлы көшесі, 31) Астана қаласы мешіттерінің жамағаты арасында іріктеу сайысы өткізіледі.

Іріктеу сайысына жасы 18-ден асқан, салмағы 74 келіден жоғары кез келген мешіт жамағаты қатыса алады. Үміткерлер 4 мамырға дейін қала мешіттеріне барып, іріктеу сайысына қатысуға өтініш білдіре алады. Өзімен бірге төлқұжаты және дәрігердің сайысқа қатысуға денсаулығы жарамды жөніндегі анықтамасы болуы керек.

Ескерту: Азия және әлем чемпионы, спорт шебері, спорт шеберлігіне кандидат атағы бар кәсіпқой палуандар сайысқа қатыстырылмайды.

Іріктеу кезеңінде үздік шығып, жеңімпаз атанған палуандарға 50 000, 30 000 және  20 000 теңге көлемінде сыйақы тағайындалған. Сондай-ақ, осы жүлделі орындарға ие болған үш палуан республикалық турнирге жолдама алады.

Қосымша мәліметтерді елорда мешіттерінен біле аласыздар!

Байланыс телефоны: 8 (7172) 422 – 455.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: