21
Вт,
мая

һижри

РАНТ Астана мешіттерінде (ФОТО)

Мешіт тынысы

Сәуірдің 28-де ҚМДБ жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшелері Астана мешіттерінде болып, жергілікті жамағатпен кездесті.

Атап айтсақ, ҚМДБ «Шариғат және пәтуа» бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқанов еліміздің еңселі құлшылық үйі «Әзірет Сұлтан» мешітінде болды. Ал дінтанушы, РАНТ мүшесі Бауыржан Отарбаев «Шейх Кунта қажы» мешітіне барды.

Теолог ғалымдар ақшам намазына жиналған жамағаттарға мәзһабтың маңыздылығы мен діндегі орны жайында баянды уағыз жасады. Мұнан өзге теріс жолға түсудің дінге де, қоғамға да едәуір зияндылық әкелетіндігін айшықтады.

Сондай-ақ, Сансызбай Шоқанов «Нұр Астана» орталық мешітінің де жамағатымен жүздесті. Мешіт жамағатына «Маңызды мәселелер» тақырыбында уағыз-насихат айтып, қоғамда діни алауыздық тудырып жүрген ағымдар жайында сөз қозғап, олардың қате-кемшіліктерін шариғи жолмен түсіндіріп берді.

РАНТ мүшелері жамағаттың ой-пікірлеріне де құлақ салды. Дін тақырыбындағы сан сауалдардың мазмұнды жауаптарын берді.

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться: