21
Вт,
мая

һижри

Ханафи ғалымдары мешіт тынысымен танысты

Мешіт тынысы

Кеше Ирак республикасы Ғұламалар кеңесінің төрағасы, имам Ағзам Әбу Ханифа мешітінің имамы, Ханафи мәзһабының белгілі ғалымы Ахмад Хасан ат-Таха бастаған делегация өкілдері Астанаға ат басын бұрып, «Нұр-Астана» орталық мешітіне зират етті.

Алла үйіне қадам басқан мәртебелі меймандарды «Нұр Астана» мешітінің наиб имамдары Абдуссамад Махат, Рамазанов Нұрлан және ұстаз Марат Бектазинов қарсы алды. Мешіт қызметкерлері құлшылық үйінің құрылу тарихымен таныстырып, бас қаладағы зәулім мешіттердің ел президенті есімімен қатар аталатынын, дін Исламның тынысы тәуелсіз елде кеңіп, бейбіт заманның куәсі екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ,  ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, қонақтарға ілтипат көрсетті.

Мешіт тынысымен танысқан Ханафи мәзһабының ғалымдары өз кезегінде еліміздегі діни ахуалдың тұрақтылығына тәнті болып, қуанышымызға ортақтастықтарын айтты. Асыл дін насихатында ел сеніміне селкеу түсірмей, дәстүрлі бағытта қызмет етіп отырған ҚМДБ Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы жетекшілігіндегі барша дін өкілдеріне ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік, Ирак елінен жеткен дін ғалымдары күні ертең Елорда төрінде өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының V съезіне мәртебелі қонақтар қатарында шақырылып отыр.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться: