21
Вт,
мая

һижри

Медресе түлектеріне диплом берілді (ФОТО)

Мешіт тынысы

Кеше Елордамызда «Астана» медресесі түлектерінің бітіру кеші өтті. Салтанатты шараға ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғилымбек Мәжиев, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының кеңесшісі Раев Қуат, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров, Жалпы және жастар ісі бөлімінің Алтынбек Ұтысхан және ҚМДБ қызметкерлері қатысты.

Түлектерді диплом алуымен құттықтау үшін ҚР ҰҒА академигі Ғарифолла Есім, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, әнші Қыдырәлі Болман, қоғам қайраткері, жырау Бекболат Тілеухан мен ақын Серікзат Дүйсенғазин сынды құрметті қонақтар арнайы келді.

Бұл кеште жырдан шашу шашылып, ақындар өлеңін арнап, түлектерге тілектерін білдірді. Айта кетейік, биыл «Астана» медресесін 34 студент тәмамдап отыр. Оның 9-ы оқу орнын үздік дипломмен аяқтады. Таяу уақытта 27 түлек еліміздің әр аймағында дін жолындағы қызметтеріне кіріседі. Бұдан бөлек дін ілімін онан әрі жетілдіргісі келген шәкірттер Алматы қаласындағы іргелі оқу орны «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті мен шетел жоғары оқу орындарында білімін шыңдамақ ниетте. 

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

 
Поделиться: