20
Пн,
мая

һижри

Меккеде он жыл аптапты ыстық сақталады

Жаһан

Сауд Арабиясы билігі алдағы 10 жылда Мекке мен Мәдина қалалары өз тарихында ең ыстықты кезеңді өткізетінін хабарлады.

Қос мешіттің сақшысы институты метеорологиялық зерттеу жүргізіп, осындай қорытынды жасады.

Зул-Хиджа айы ендігі он жылда қыркүйек, тамыз, маусым мен шілде айларына сәйкес келеді. Бұл Сауд Арабиясындағы ең ыстық уақыттар. Мекке мен оның маңындағы елдімекендерде ауа температурасы 50 градусқа көтеріледі. Осыған байланысты ел билігі денсаулықты күтіп, физикалық форманы сақтауды ескертеді.

Статистикалық деректерге сәйкес, өткен жылғы қажылық маусымында ыстық ауа райынан әлсіреу бойынша 1014 уақиға тіркеліп, 723 уақиға күн тию және 1737 факті ыстық қысымы бойынша орын алған. 

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: