20
Пн,
мая

һижри

Рио спортшыларына халал ас ұсынылады

Жаһан

Әлемнің мұсылман және өзге де спортшыларының Рио-де-Жанейродағы сапарында халал асқа сұранысы биыл жоғары болды. Осыған байланысты ұйымдастырушылар игі істі қолға алған.

«Қазіргі уақытта Олимпияда ойындары ұйымдастыру комитеті Олимпиадаға қатысушылар мен спортшылар тарапынан халал ас сұранысы артуына байланысты халал ас мәзірін жеткізуді көбейту жағын қарастырып жатыр. Халал ас мәдениеті тек мұсылмандардың ғана емес, жалпы халықтың таңдауына айналуы бізді қуантады» дейді Сан-Паулудағы Ислам орталығы қызметкері Нассер әл Кхазраджи.

Айта кетсек, Олимпиада ойындары басталмас бұрын ұйымдастырушылар халал стандартына сай 70 тонна құс пен ет жеткізіп, осы арқылы күн сайын 8 000 адамға ас әзірлеуді жоспарлаған еді. 

Алайда, сұраныс көлемі бірден артып, күніне 10 000 кісілік ас әзірленді. Бұл қатарда мұсылмандармен қатар, өзге де дін өкілдері бар.

Осылайша сұранысы көтерілген халал аспен қамту мәселесін ел билігі Бразилиядағы Ислам орталығына тапсырды. 20 жылдан бері халал өндірісі саласында жұмыс істейтін орталық Риодағы мұсылман делегациясына тұрақты түрде халал ас жеткізіп тұрады.

Ислам орталығы Риодағы Олимпиада ауылына арнайы халал асханасын құрып, 2000 мұсылман делегациясы басшылары мен спортшыларын қамтамасыз етуді ұсынды. Сонымен қатара, күн сайын шара барысында халыққа таратылатын ас-тағамға арналған жекелеген халал азық қоймасын бөлу керектігін де жеткізді.

Бразилиядағы Ислам орталығы үлкен спорттық додаларға бұған дейін де қызмет еткен ұйым.

Ал бүгінде әлем бойынша 1,5 миллиард мұсылманмен қатар кемінде 500 миллион өзге дін өкілдері халал ас тұтынғанды жөн көреді. 

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: