20
Пн,
мая

һижри

17 мың әскери қажылық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

Жаһан

Сауд Арабиясы Азаматтық қорғаныс комитетінің 17 мыңға жуық қызметкері қажылық маусымында мұсылмандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады, деп жазады Saudi Gazzete.

Еске салсақ, өткен жылы 2400 адамның өмірін қиған Мина жазығындағы халықтың қозғалысын биыл 2 мыңнан аса тәртіп сақшылары қадағалайды.

Қажылар шатырын 55 жасқа дейінгі арнаулы қызметкерлер қорғайды. Бұл қызметкерлер шатырлардағы электр қуаты жүйесін бақылайды.

Сонымен қатара, төтенше жағдай орын алса сыйымдылығы 100 мың адамға арналған 4 орталық іске қосылған.

Еске сала кетейік, биыл Сауд билігі қажылардың денсаулығына жіті көңіл бөліп отыр. Синоптиктердің болжамынша бұл маусым өз тарихында ең аптапты ыстық кезеңге сәйкес келеді. 

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: