20
Пн,
мая

һижри

Сауд Арабиясы әлемнің қауіпсіз ел үштігіне енді

Жаһан

Сауд Арабиясы жер бетіндегі ең қауіпсіз ел рейтингінде көш бастады, деп жазады Arab News басылымы.

Қауіпсіздік деңгейі бойынша елдер рейтингін БҰҰ жанындағы Қоршаған орта мен адамзат қауіпсіздігі институты жасады.

Рейтингтің алғашқы орнын Мальта иеленді, екінші орын тағы бір мұсылман елі – Қатар мемлекетіне тиесілі.

Ал ең қауіпті елдер қатарында Вануату, Тонга, Филиппин, Гватемала мен Бангладеш мемлекеттері бар.

Айта кету керек, зерттеуші мамандар рейтингті бірнеше сипаттар, оның ішінде елде табиғи құбылыстар, елдің өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігі, т.б. мән бере отырып құрған.

Талдау жұмысына 171 ел енгізілген. 

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: