20
Пн,
мая

һижри

Көрікті мешіттің көшірмесі жасалды

Жаһан

Дубайдағы шейх Зайед мешітінің ғажап көшірме макеті жасалды.

Әлемдегі әсем мешіттердің бірі саналатын ғимарат макетіне ерекше көңіл бөлінген. 1,3 тонна салмақтағы мешіт көшірмесіне қажетті материалдар әлемнің Грекия, Италия, Германия, Қытай, Үндістан мен Марокко елдерінен жеткізілген.

Шейх Зайед мешітінің кішірейтілген көшірмесін Дубайдың Legoland паркінде мешіттің бас директоры шейх Жүсіп әл-Убайдли таныстырды. «Бұл паркте көрікті мешітіміздің макетін қою қонақтар мен тұрғындарға мәдени мұраларымызды танытуда маңызды роль атқарады» дейді бас директор. Legoland паркінің бас менеджері Сигфрид Берстің айтуынша, шейх Зайед мешіті елдің мәдени құндылықтары мен мұраларын танытатын бірден бір орталық. 

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: