05
Бейсенбі,
Ақпан

һижри

Алланың разылығын, екі дүние бақытын қалайсыз ба?

Ата-анасы тірі бола тұра оларға лайықты қызмет көрсете алмау үлкен қасірет болып есептеледі. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қор болды! Қор болды! Қор болды!» дейді. Сонда сахабалар: «Уа, Расулалла! Ол кім?» – деп сұрайды. Сонда Ол (с.а.с.): «Ол жасы ұлғайған ата-анасы қасында болып, сосын Жаннатқа кіре алмаған немесе ол екеуі оны Жаннатқа кіргізе алмаған адам», – деп жауап береді. Сондай мүмкіндікті пайдалана алмау, сондай ізгі істі істеп, соның сауабымен Жаннатқа жете алмау біз үшін орны толмас қасірет екен.

«Араласатын ортам сондай болса, қайтемін...»

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айтады: «Адамдар махшар майданында есеп беріп жатқан кезде, үш түрлі кісі Алла Тағаланың Аршының көлеңкесінде әңгімелесіп отырады. Олар:

Неге күннен күнге эмоционалды болып барамыз?

Әйелінің өте эмоционалды екенін білетін мұғалім досым: «Үйге келе жатқанымда жарым менің бөрек сатып әкелуімді өтінді. Бұл тұрғыда оның өте сезімтал болғаны үшін қарсылық білдірмей, бірден сатып апардым.

Дұға қыламын, бірақ қабыл болмайды

Алла Тағаланың:«Маған дұға етіңдер, сендерге жауап беремін» («Ғафир» сүресі, 40/60 аят) деген уәдесі бар. Осы тұста кейбіреулер: «Қанша дұға етсек те сұрағанымыз берілмейді. Сонда бұл аятты қалай түсінуге болады?» деп жатады. Мына нәрсені білгеніміз жөн: дұғаға жауап беру бір бөлек те, оны қабыл алу бір басқа. Аятта Алла Тағала өзіне жасалған барлық дұға-тілектерге жауап беретінін білдірген.

Алла Тағаланың разылығына бөленген жас

Арзан ойын-күлкі мен тән ләззатына құмартпайтын (қызуы мен қызығы мол жалындаған жастық шағында нәпсіқұмарлыққа салынбай Хаққа құлдық ұрып өткізуге бекінген) жасқа Раббың дән риза болады.

Алла Тағаланың бақылауында болу дегеніміз не?

«Ол (Алла Тағала) – қайда болсаңдар да, сендермен бірге. Расында, Алла Тағала не істеп, не қойып жатқандарыңды көріп бақылаушы» («Хадид» сүресі, 4-аят).

Аллаға серік қосу – адамды діннен шығаратын азапты жол

Адам баласы – әлсіз жаратылыс иесі. Бет қарата соққан дауылдың екпініне шыдас бермей ығына кетіп қалатын кездері жиі болады. Ондай қиыншылықтарда Раббысына жалбарынып, амал етіп, жемісін Алладан күтудің орнына жалған құдайлардан медет сұрап, қабірлерді жағалап кететін адамдар аз емес. Ондай серік қосушы қай заманда да, қоғамда да кездеседі. Жалған, жасанды құдайға сенуші адам – Жаратушы Аллаға серік қосқан болады.

Адам жаратылысына қайшы әрекет етуге тыйым

«Олар (яғни, Мекке мүшріктері) Аллаға емес, әйел (атауларымен аталатын) пұттарға ғана сиынады, олар қасарысқан һәм күнә жасауда тым шектен шыққан шайтанға ғана құлдық ұрады.