28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Жақсы мінез де – бір тектілік

Жақсы мінез де – бір тектілік

Иман келтіру

Сенімді болмаған, қате бір кітапта мынадай әбес пікір өткен:

«Тектіліксіз берілген тәрбие әсерлі болмайды. Мысты қаншалықты сүртіп жалтыратсаң да үш күннен кейін қайта қарая бастайды. Жасанды жылтыр аз уақытқа жетеді. Алтынды ешқашан дат баспайды. Сүртіп жылтырлатпасаң да өзінің жылтырлығын жоғалтпайды. Бұл мысал тектіліктің қаншалықты маңызды екендігін айқындайды.»

Кітап сенімді болмағанындай бұл пікір Құран кәрімге және хадис шәрифтерге де қайшы.

Бір адам текті отбасыдан шықпай жақсы мінезді, діндар болса, ол адамның көркем мінезімен діндарлығы тектіліктен де құнды болып табылады. Хадис шәрифте былай делінген:

«Жақсы мінездей тектілік болмайды.» (Ибн Мажә)

«Әйелді не байлығы үшін немесе сұлулығы үшін немесе діндарлығы үшін алады. Сендер діндар болғанын алыңдар! Материалдық және рухани нығметтерге қауышасыңдар!» (Бұхари)

Насихат арқылы тексіз адамды да тәрбиелеуге болады. Сондықтан Құран кәрімде: «Насихат айтыңдар! Насихат мүминдерге әлбетте пайда береді» делінген. (Зариат 55)

Тексіз адамды тәрбиелеу мүмкін болмағанда пайғам- барымыз алейһиссалам:

«Мінездеріңді жақсартыңдар!» деп айтар меді? (Ибн Лал)

Хазреті Лұқманнан былай деп сұралады:

- Әдеп, тектілік, мал-мүлік пен ілімнен қайсысы үстем? - Әдеп тектіліктен, ілім мал-мүліктен қайырлы. Хазреті Лұқманнан ұлы былай деп сұрайды:

- Ең жақсы қасиет не?

- Діндар болу.

- Жарайды, әке. Егер де бұл қасиет екеу болса ше?

- Діндарлық және мал-мүлік иесі болу.

- Үшеу болса?

- Діндарлық, мал-мүлік және ұяттылық.

- Төртеу болса?

- Діндарлық, мал-мүлік иесі, ұяттылық және көркем мінез.

- Бесеу болса?

- Діндарлық, мал-мүлік иесі, ұяттылық, көркем мінез және жомарттық.

- Алтау болса?

- Балам, осы бес мінез кімде бар болса, ол адам тақуа иесі, Алла Тағаланың досы, шайтаннан ұзақ, таза адам болып табылады.

 

материал «Бақыттың кілті жанұяда» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: