25
Сәрсенбі,
Наурыз

һижри

Алла Тағаланы еске алғандардың ең жақсысы

Ақыретте сыйлыққа (сауаптарға) және бақыттылыққа ие болудың жеңіл жолы бар. Өкінішке орай, көпшілік оны ұмытып қалған. Бұл – ғибадаттың ең жеңіл түрі. Ол үшін өте үлкен сыйлық беріледі, бірақ көпшілік оны қолданбайды.

Жүрегіңде Алланың рахымынан үміт бар ма?

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) өмірден өтейін деп жатқан бір жас жігіттің жанына кірді. Одан: «Өзіңді қалай сезініп жатырсың?» – деп сұрады. Ол: «Уа, Расулалла, Алладан үмітім бар, бірақ күнәларымнан қорқып жатырмын», – деп жауап берді. Сонда Расулалла (с.а.с.): «Мұндай жағдайда құлдың жүрегінде (қорқыныш пен үміт) біріксе, Алла тағала еш күмәнсіз ол құлының үміт еткенін береді әрі қорыққан нәрсесінен құтқарады», – деп түсіндірді».

Салих мүминдердің сегіз сипаты

«Рахманның (қас) құлдары жер бетінде қарапайым жүреді және өзін білмейтін адамдар оларды сөзбен атса (ренжімейді және ренжітпейді, тек «сәлем» деп, (жүре береді). Түнді Раббысына сәжде етіп, қиямға түрып өткізеді». (Фұрқан сүресі, 63-64)