19
Пт,
июнь

һижри

«Әл-Фараби»: 25 отбасыға «Рамазан сыйлығын» тарту етті (фото)

«Әл-Фараби»: 25 отбасыға «Рамазан сыйлығын» тарту етті (фото)

Мешіт тынысы

Қасиетті Рамазан айында садақа беріп, қайырымдылық жасау ең қайырлы істердің бірі болып саналады.

Қол ұшын сұраған әрбір адамға көмек көрсету, жақсылық істеу – Рамазан айында сауабы еселенетін көркем істерден.  

Алланың мейірімі мен шапағаты мол айда қайырымдылық жасауда жарысып, жақсылықтың сауабына кенелуді қалаған «Әл-Фараби» мешітінің «Жастар ісі» бөлімі кезекті қайырымдылық шараға атсалысты.

Алла Тағаланың Құранда айтылған «Қайырдан не істесеңдер де, күдіксіз Алла оны біледі» («Бақара» сүресі, 215-аят) деген өсиетіне амал еткен мешіт ұжымы әлеуметтік аз қамтылған мұқтаж 25 отбасыға қажетті азық-түлік себеттері үлестірді.

Көмек алушы кісілер мешіт қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдіріп, ізгі ниет-тілектерін жаудырды.

e044a9b7-ad4b-4973-be4a-75402d20b625.jpg

d6922e56-13ed-4495-9795-4bcf4c731924.jpg

c27ffbba-6f28-43d2-8dcd-f7cfb0077dd2.jpg

f239ac95-6ad6-4e18-8457-7b202ef550f8.jpg

d35e7b56-754d-4266-a0a5-6c56d6421072.jpg

982edf8d-14df-4582-976a-eb60aa2248e0.jpg

afae40c3-84e2-4a8b-866f-cae8fe791d09.jpg

0dfb98c0-9018-4278-b171-3329d3d255cb.jpg

cf994f34-8182-47d2-b260-cbed3e880880.jpg

f3fe7f9a-aac1-43bf-998d-c6a93a7724dc.jpg

5892edb3-c343-4802-9267-d56465d59892.jpg

3bbb6dc2-c3b2-4a9a-b672-4152a1e56ad6.jpg

ummet.kz

Поделиться: