22
Пт,
нояб

һижри

Дәстүрлі кеш жамағатты ізгілікке ұйытады (ФОТО)

Мешіт тынысы

Мешіт – жамағаттың бірлігін сақтап, білімін арттыратын, адамгершілікке үндеп, жақсылыққа шақыратын шаңырақ. Қазіргі күнде құлшылығын ұдайы мешітте оқуға бейім жамағаттың имамдармен, имамдардың халықпен қарым-қатынасы нығайып, байланысы арта түскен.

«Нұр Астана» орталық мешітінде осындай игі мақсаттағы басқосу өтті. Бүгінде бұл мешітте ақ дастарқан басында жиылып, жақсы бір әңгіме құру ізгі дәстүрге айналды. ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы кеш барысында жамағатқа ағайын арасындағы ауызбіршілік, отбасы беріктігі турасында тұщымды уағыз айтты.

«Біз ежелден мұсылмандығы мығым, имандылыққа ұйыған халықтың заңды жалғасымыз. Тарихтан тамыр алған дәстүр жалғастығы сіз бенен бізге үлкен міндет жүктейді. Ол міндет – елдің бірлігін сақтау, татулығын нығайту. Қасиетті Құран аяттары да, ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнеге өсиеттері осыған үндейді. Дана халық тәмсілінде де бірлігі бар елдің берекесі мол болатыны айтылады. Сол себепті, бірлікке бекем болсақ, Алладан алар сый-нығмет те көп. Алла біздің бірлігімізді арттырып, тірлігімізді баянды қылғай» деді Н.Тағанұлы.

Мұнан соң Яхия қажы Исмаилов халқымызға тән қонақжайлылық, бауырмалдық жайында, Әділхан Серікбай мұсылмандар арасындағы мейірімділікті арттыру тақырыбында мәнді, мағыналы сөз өрбітті.

Кеш соңынан мешіт қызметкерлері жамағатқа, Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлының «Ислам жанұясы» атты кітаптарын таратты.

IMG 5596

IMG 5608

IMG 5615

IMG 5628

IMG 5641

IMG 5647

IMG 5668

IMG 5686

IMG 5737

IMG 5763

IMG 5767

IMG 5793

IMG 5818

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться: