27
Ср,
нояб

һижри

Жұмадағы жамағатпен жүздесу (ФОТО)

Мешіт тынысы

24 ақпан жұма күні ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, "Нұр Астана" орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласы мешіттерін аралап, жамағатпен жүздесу бағдарламасы аясында "Шұбар" мөлтек ауданындағы "Әл-Ғани" мешітінде "Тағдырға иман келтіру" тақырыбында жұма уағызын жүргізіп, жұма намазына қатысты.

Қасиетті Құран аяттары мен пайғамбар өсиеттеріндегі тағдырға иман келтіру турасындағы әрбір мұсылман баласы білуі тиісті талап-шарттарын жіг-жігімен түсіндіре келе: “Біз намазды қалай оқудан, дұрыс-бұрыс деп дауласудан емес, намаздағы қалыбымыз бен ішкі жан-дүниеміздің кіршіксіздігімен, намазға деген ықыласымызбен жарысқанымыз әлдеқайда абзал болмақ” – деді Н.Тағанұлы. Намаз соңында мешіт ақсақалдарымен, жамағатпен жүздесіп, сұрақтарына жауап берді. «Құдайсыз қурай сынбайды» деген кәміл сенімде болған қазақ жұртының тарихындағы бұлжымас нанымдардың да осы асыл шариғатымызбен астасып, болмысымен біте қайнасып, қалыптасқанын атап өтті. Осындай әсерлі уағыздан соң Алла Тағаладан ел-жұрттың амандық-есендігін тілеп, дұға жасалды. 

IMG 0876

IMG 0894

IMG 0906

IMG 0933

IMG 0938

IMG 0941

IMG 0942

IMG 0943

IMG 0950

IMG 0952

«Нұр Астана» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Поделиться: