21
Вт,
мая

һижри

Алғашқы тарауих намазы оқылды (ФОТО)

Мешіт тынысы

Бүгін Астана қаласының барлық мешіттерінде қасиетті Рамазан айының тарауих намаздары басталды.

Сансыз сауапқа есік ашылар Ораза айының өзіне тән құлшылық-ғибадаттары бар. Солардың бірі – жиырма ракағаттан тұратын тарауих намазы. Айтулы айдың айрықша ғибадатына жиылған жұртшылық жылдағыдан да еселене түскен. Мешітке келгенн ізгі ниетті жамағатты ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Рамазан айымен құттықтап, тарауих намазын өтетін қариларды таныстырды. «Қадірлі мұсылман қауым. Айлардың сұлтаны Рамазан баршаларыңызға құтты һәм берекелі болсын. Аллаға сансыз шүкір дейміз, еліміздегі бейбіт те берекелі уақытта қасиетті аймен қайта қауышып отырмыз. Мешіттеріміз халықтың қызметіне қалтқысыз дайындық жасады. Асыл дініміздің бес парызының бірі – ораза, қасиетті Рамазан Алла Тағаланың алдында айрықша құрметке ие ай. Осынау мүбәрак айды барынша құлшылық-ғибадатпен, дұға-тілекпен лайықты өткізуге күш салайық. Бірлігімізді нығайтып, иманымызды шыңдап, Рамазан айының оразасын асқан ыждахатпен ұстап, өткізуімізді Алла нәсіп еткей» деді наиб мүфти.

«Нұр Астана» орталық мешітінде тарауих намазын елімізге белгілі үш қари өткізеді. Египет Араб Республикасындағы әл-Әзхар университетінің түлегі, аталмыш оқу орнына қарасты институттың директоры, бүгінде «Астана» медресесінің ұстазы Саиид Мухаммад Ахмад, Қауамаддин әл-Фараби әт-Түркістани әл-Итқани атындағы республикалық қарилар дайындау орталығының түлегі Мұртаза Ертайұлы және Шымкент қаласындағы «Дәрул-Арқам» қарилар медресесінің түлегі, 2016 жылы Түркия республикасының Стамбул қаласында өткен «Әлемдік қарилар жарысының» 2-ші орын жүлдегері Шохан Нұралыұлы Рамазан айында орталық мешіт жамағатына тарауих намазында имамдыққа шығады.

Ал тарауихтан тараған мешіт жамағатын үйлеріне жеткізу мақсатында қала әкімдігінің қолдауымен бірнеше бағыттарда қатынайтын қоғамдық көліктер қарастырылған.

Taraui3

IMG 0450

IMG 0440

IMG 0461

IMG 0468

IMG 0484

IMG 0495

IMG 0497

Taraui1

Taraui2

Taraui4

IMG 0518

IMG 0522

IMG 0542

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться: