21
Вт,
мая

һижри

Жақсы ниет – жарым ырыс (ФОТО)

Жақсы ниет – жарым ырыс (ФОТО)

Мешіт тынысы

20 сәуір. АСТАНА. Ummet.kz – Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде жұма уағызын ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз жүргізді деп хабарлайды Ummet.kz тілшісі.

«Исламдағы шынайы ниеттің маңыздылығы» деген тақырыпта жұма уағызын жасаған Бас мүфти өз сөзінде амалдардың ниетке байланысты екендігін айта келе, ниет орын алатын жүректің тазалығы жайында сөз қозғады.

«Халқымызда: «Жақсы ниет - жарым ырыс», «Адал ниет аздырмайды, арамдық бойды жаздырмайды», «Адамның құлқы түзелмей, құлпы түзелмейді», «Пейілі жаман пәлеге жолығады, бітпейтін жалаға жолығады», – деген нақыл сөздар бар. Ниетсіз ешбір іс болмайды. Ислам ғұламаларының айтуынша, амалдан бұрын ниет етуді үйреніміз керек. Ниетке қарай кішкентай амал үлкен амалға айналады, үлкен амал кішкентай амалға айналады. Сахаба Әбу Хурайра бір сөзінде: «Жүрек – патша, ағзалар оның әскері. Егер патша жақсы болса, әскері де жақсы болады. Ал, егер патша нашар болса, әскері де нашар болады», – деген екен. Бұл – барлық мәселенің дұрыс бағытта болуы тікелей ниетке байланысты деген сөз,» - деді Серікбай қажы Ораз.

Уағыз соңында Бас мүфти және «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы жұмаға жиналған халықпен тілдесіп, бірге қол жайып, еліміздің тұтастығы мен игілігіне дұға жасады.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

7

2

3

4

5

6

8

9

10

Поделиться: